Ақсу қаласында ERG skills кәсіби шеберлік конкурсы өтті

 

 

Оған аймақтағы колледж студенттері мен ERG кәсіпорындарының жас мамандарынан тұратын 12 адам қатысқан. Тәжірибелі сарапшылар өз ісінің шынайы шеберлерін анықтады дейді irbistv.kz тілшісі

 

Өткен жылы өткен бірінші ұйымдастырылған кәсіби шеберлік конкурсына еліміздің 3 облысынан келген 14 оқу орнының өкілдері қатысты. Барлығы колледждер Альянсы мен ERG құрамына енеді. Олардың қатарында Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көп салалы колледжі де бар. Аталмыш серіктестіктің арқасында студенттер оқуын өндірістегі жұмысымен қатар алып жүре алады. Мәселен, Ақсу ферроқорытпа зауыты немесе Еуразиаттық энергетикалық корпорациясында еңбек етуге мүмкіндік жоғары. Осындай конкурстар олардың кәсіби дағдыларын шыңдайды деп атап өтті сарапшылар.

 

-«ERG Skills байқауын үш негзігі кезеңмен ұйымдастыратын боламыз. Бірінші кезең студенттер мен жас мамандар ERG компаниясының жас мамандары арасында өтетін болады. Екіншісі 23 жас пен 35 жасқа дейінгі аралықтағы. + 02:06-02:13 Үшінші кезең 35 және жоғары, яғни, біздің колледж оқытушылары мен кәсіпкерлер арасында өтетін болады,-деді Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көп салалы колледж басшысы Алма Айтуарова.

 

ERGskills қатысушылары соңғы сәтке дейін алдарына қойылатын тапсырманы білмеген. Ол барынша маңызды болып шықты: электро қалқаншаны монтаждау. Өңір колледжінің студенттері мен ERG кәсіпорындары жас жұмыскерлері оны берілген уақытта орындауы тиіс. Айта кету керек конкурс демеушісі – Еуроазияттық энергетикалық корпорациясы. Бүгінгі таңда оған Жаяу Мұса атындағы Ақсудың жоғары көп салалы коледджінің тұлектерінің көбісі жұмысқа орналасқан.

 

-Конкурста ұтамын деп ойлаймын, әрі қарай көреміз, мықты жеңсін деп ойлаймын. Неге бұл мамандықты таңдадым, өзіме ұнады тоқпен жұмыс істеген. Сол үшін таңдадым ,-дейді «Қазақстан Алюминийі» АҚ ЖЭО электроқұралдарын жөндеу бойынша электрослесарі Әділжан Қабыкен

 

ERGskills Павлодар, Қостанай және Ақтөбе облыстарында өтуде. Конкурс нәтижесі бойынша үздік үштікті анықтады. Жеңімпаздар Қытай Халық Республикасындағы кәсіпорындары бірінде ұйымдастырылатын тағылымдамдан өтеді.