Ақсу ауылдық округінде жаңа сүт-тауар фермасы салынады

 

 

 

 

«Кронос Павлодар» сүт-тауар фермасы - өнеркәсіп саласындағы ауқымды жоба болады деп жоспарланған. Бұл кәсіпорын Алғабас ауылдық округінде бой көтермек. Жоба құны – 14 миллиард теңге. Ауылдықтар хабарды қуана қабылдады. Сүт фермасына 3500 бас қара мал сыйяды деп күтілуде. Ал олардың 540-ы Германиялық асыл тұқымды Голштино-Фриз сиырлары. Жайылым мен мал азығына жекеменшік суармалы жерлер қолданылады. Қазірдің өзінде құбыр тарту жұмысы басталып кетті. Бұл ретте әлемдік стандарттағы үздік технологиялар қолданылады.

 

-Біз әріптестеріміздің тәжірибесіне сүйендік. Қазақстанның, Ресейдің, Еуропаның жетекші фермаларын араладық. Сүт және тауар фермасында еуропалық үздік құрал-жабдық қолданылады. Сондай-ақ суармалы жүйені де нарықта жетекшілік еткен еуропалық өндірушілерден алатын боламы,-дейді «Кронос Павлодар» ЖШС бас инженері Константин Ибрагимов.

 

Сүт-тауар фермасы 160 адамды жұмыспен қамтымақ. Жергілікті тұрғындарға бұл өте ыңғайлы, себебі ауылдықтар жұмыс іздеп қалаға баруға мәжбүр. Айта кетсек, компания болашақ жұмыскерлерінің бар жағдайын жасамақ ниетте. Бұл ретте ыңғайлы, барлық керек-жарағы қамтылған 10 тұрғын үй салынады.

 

- 160 жұмыс орны бар деп отыр, ауылда жастар жүр міне, таңертең кетеді таксимен, кешке келеді. Енді осы жер жақын. Өзім жұмыс істемесем де, жастар істейді деген ойдамын,-дейді Ребровка ауылының тұрғыны Мақсұт Мұқтанов.

 

Әлеуметтік қолдаудан бөлек, «Кронос Павлодар» жылына 14,5 миллион литр сүт өндіріп, ел бюжетіне жылына 150 миллион қаражат құюды жоспарлап жатыр.