• Басты бет
  • Экономика
  • Ақсу электр станциясы қазандық турбиналық цехы қызметкері Дмитрий Фролов өндіріс қыр-сырымен бөлісті

Ақсу электр станциясы қазандық турбиналық цехы қызметкері Дмитрий Фролов өндіріс қыр-сырымен бөлісті

Қазандық турбиналық цех-Ақсу электр станциясының жүрегі, онда күн сайын жанармай бүкіл аймақты қуаттандыратын электр энергиясына айналады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Дмитрий энергетика саласындағы еңбек жолын әдеттегі электрслесарі ретінде бастаған. Алайда қиындықтар мен жаңа ұжымға үйрену қажеттілігіне қарамастан ол тез арада команданың бір бөлігіне айналып, қарапайым жұмыскерден «ЕЭК» АҚ электростанциясының тәжірибелі маманына айнала білді.

 

- Павлодар технологиялық колледжінде тоңазытқыш компрессоры шебері мамандығына оқыдым. Оқуды аяқтаған соң ЕЭК АҚ кәсіпорынына электрслесарі ретінде жұмысқа тұрдым. Мансабымды екінші разрядты маман ретінде бастадым,-деді «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы қазандық турбиналық цехының өндірістік жүйесін енгізу бойынша жауапты Дмитрий Фролов.

 

Қазіргі таңда Дмитрийдің жұмысындағы басты бағыттардың бірі – кәсіпорында 5С жүйесін енгізу. Бұл жүйе орындарда тәртіпті сақтауға көмектесіп, қызметкерлердің қауіпсіздігі мен өндірістің тиімділігіне әсер етеді.

 

 

- 5С жүйесі бойынша жетілдіруді жүзеге асыру бұл объектілерді, яғни көрсеткіштерді немесе учаскелерді жетілдіру. Сұрыптау, бұл бізге тазалықты қажет етеді, тәртіп болуы керек. Тиісінше, барлық осы іс-шаралардан кейін стандарттау бар. Бұл тек объектіде ғана емес, бүкіл кәсіпорында немесе біздің электр станциямызда барлығы жүруі керек бір бірыңғай стандарт болуы үшін қажет. Ал, тазалық бізде ең маңыздысы. Бұл тек көрініске ғана емес, сонымен қатар жұмысшыларымыздың қауіпсіздігіне де әсер етеді,-деді Дмитрий Фролов.

 

Мотивация мен дамуға деген ұмтылыс Дмитрийге күрделі міндеттерді шешуге көмектеседі. Өз әкесінен үлгі алып өскен ол әрі қарай да оның ізімен жүруді шешкен.

 

-Менің әкем өмір бойы Ақсу ферроқорытпа зауытында балқытушы болып жұмыс істеді. Оның қалай жұмыс істейтінін, отбасы үшін қалай тырысып жүргенін көрдім. Өмір бойы дамып, тек биікке ұмтылу керектігін әкемнен көрдім,-деді Дмитрий Фролов.

 

Дмитрийдің еңбек жолы бұл электрслесарьдан тәжірибелі маманға дейін көтеріліп, ЕЭК АҚ-на инновация енгізіп, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету ғана емес, бұл үнемі алға ұмтылу, үздік болуға талпыну мен кез келген жағдайда дамуға дайындық туралы.