Ақсу ферроқорытпа зауытында өндірістік цифрландыру қолға алынған
«Қазхром» трансұлттық компаниясы» Ақсу ферроқорытпа зауытында шикізаттың келіп түсуінен бастап, өңдеу және дайын өнімді жіберуге дейінгі барлық кезең автоматтандырылған жүйелермен жабдықталған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Ақсу ферроқорытпа зауытында таныстырылған жетекші IT жобалардың қатарында Dispatch ерекшелігімен көзге түсті. Бұл теміржол көлігін басқару жүйесі сәуір айында іске қосылған еді. Зауыт аумағынан тәулігіне өтетін 900 вагонды кәсіпорын қызметкерлері онлайн түрде бақылап, уақытты үнемдейді. Қабылдағыштар электронды жол парақтарын бұрынғыдай 40 емес, бірнеше минутта толтырып, есептеп шығады. Болашақта бұндай технологиялық жаңашылдықты ERG қарамағындағы барлық кәсіпорындарында енгізілмек.
- Dispatch бағдарламасы бізге кәсіпорын аумағындағы барлық вагондардың орналасуын бақылауға мүмкіндік береді: біркелкі, әрі өлшеусіз есеп жасалады. Бұрын кәсіпорын қызметкерлері ақпаратты тек қағаз жүзінде алған немесе Excel, World бағдарламаларына қолмен теріп беретін. Ал қазір біздің бағдарлама іске қосылып, ақпарат өтпелі, сенімді және жедел таралып, барлық мүдделі тұлғаларға онлайн қолжетімді. Барлық өтпелі жолдарда, Ақсу ферроқорытпа зауытының кірме жолдарында не болып жатқанын көруге болады,-деді BTS жобасының жетекшісі (ERG құрамына кіреді) Дмитрий РОДЫГИН.
Цифрландырудың тағы бір ауқымды жобасы – MES ERG. Бұл – өндірістік процестерді жедел басқару жүйесі. Бүгінгі таңда MES ERG арқылы Ақсу ферроқорытпа зауытындағы барлық 26 пеште жұмыс істейтін электронды пеш журналын жүргізу мүмкіндігі бар.
- MES ортасында электронды пеш журналы жұмыс істейді, соның арқасында біз өндірісті жедел басқаруды жүзеге асыра аламыз, нақты уақытта пештердің электрондық режимінің және пештердің негізгі технологиялық параметрлерін көре аламыз. Сонымен қатар, цифрландыру ферроқорытпалардың төгілу процесіне де жетті. Бұл жоба бізге автоматты режимде құюды, конвейердің жылдамдығын, шелектің көлбеу бұрышын басқаруға мүмкіндік береді, жүйе автоматты режимде металдың температурасын бақылайды,-дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ АқсФЗ техникалық бөлімнің менеджері Александр ШУТОВ.
IT шешімдертекнегізгіөндірістеғанаемес, соныменқатаркәсіпорынныңәлеуметтіксаласындаданәтижелі қолданыс тапқан. Осылайша, Ақсуферроқорытпазауытындаавтоматтандырылғанмедициналықтексерулердеенгізілді. Ендіметаллургтераталмыш бақылауданауысымалдындажәнеоданкейінбірнешеминуттаөтуі мүмкін. Үшбөлімшеүшінбарлығы 19 осындайаппараторнатылды. 2026 жылыбарлықцехтардықамтужоспарлануда. Себебі, қызметкерлердің денсаулық көрсеткіштері ERG кәсіпорындары үшін ерекше назарда.
- Бұл бағдарламаны BTS тобы енгізді, сонымен бірге медициналық тексеру жүйесін цифрландырды және оны ішкі ERG жүйелерімен байланыстырды. Бұл аппарат температураны, қысым, импульсті өлшейді, сондай-ақ, нәтижелері qollab корпоративтік қосымшасына және "Еуразия" медициналық орталығына келіп түседі. Тіпті алкотестер де бар. Егер, мысалы, көрсеткіштер нормадан асып кетсе, нәтижелерді дәрігерлер бірден көреді, олар жедел шаралар қолдана алады,-деді «Қазхром» ТҰК» АҚ АқсФЗ автокөлік цехы менеджері Тимур ТЮЛЮБАЕВ.
- Былтыр цифрландыру процесіне шамамен 1 миллиард теңге қаражат жұмсалды, бұл ауқымды жобаға деген үлкен инвестиция. Сол уақыт аралығында көп жұмыс жасалды, біз әлі де көп нәрсені жоспарлап отырмыз, бірқатар маңызды жобалар бар. Солардың ішінде жаһандық, ауқымды жобалар да бар. Біз кәсіпорында жүзеге асырған цифрлық технологиялар туралы айтатын болсақ, бұл жобалармен жұмыс істеу бізге оңай болды. Жалпы бізге ғана емес, әріптестерімізге, жұмысшыларымызға да өте ыңғайлы,-дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ АқсФЗ бас металлургі Кирилл ЯНЦЕН.
Ал qollab бірыңғай платформасы ERG қарамағындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін және компания серіктестері қатарындағы 60 000-нан астам қызметкерді біріктіріп отыр. Ақпараттық жүйе екі жүзден астам түрлі қызметтерге, құжаттарға, чаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар өтініш беру, дәрігерлерге жазылу және көлікті бақылау құралдарын ұсынады. Барлық негізгі цифрлық шешімдерді кәсіпорын мамандарымен бірлесіп, BTS жеке IT тобы әзірлейді және енгізеді. Цифрлық жаңашылдықтар стратегиялық құралға айналды деп жеткізді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры Мұсабек Мақашев. Цифрландыру қауіпсіздікті, тиімділікті, тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік берді. Ең бастысы-кәсіпорын қызметкерлері үшін қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау.
