• Басты бет
  • Экономика
  • Ақсу ферроқорытпа зауытында жас мамандарға арналған "Өсу порталы" іс-шараcы өтті.

Ақсу ферроқорытпа зауытында жас мамандарға арналған "Өсу порталы" іс-шараcы өтті.

 

 

Жиын кәсіби даму мен қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі, өндірістегі жауапкершілік тақырыптары талқыланып, қатысушылар үшін қызықты квиз ұйымдастырылды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

 

Өндірістегі қауіпсіздік мәдениетін арттыру және жас кадрлардың кәсіби дамуын қолдау Ақсу ферроқорытпа зауытының бұлжымас қағидаты. Тиісінше, осы бағытта түрлі ісшаралар өткізіліп отырады. Солардың бірегейі-"Өсу порталы". Бұл жолғы жиынға зауыттың түрлі бөлімшелерінен 100-ден астам жас маман қатысты. Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі талаптары, өндірістік тәртіп, сондай-ақ, жеке кәсіби өсу бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

- Қазіргі таңда 8 ай болды жұмыс істеп жатқаныма. Жұмысыма өте ризамын, осы АЗФ-тің арқасында біраз жетістіктерге жетіп қалдым. Аллаға мыңда бір шүкір. Осы бүгінгі ісшараға өтетін болсақ өте жақсы өтті, неше түрлі эмоция алып жатырмыз, қауіпсіздік жағында неше түрлі мағлұмат біліп жатырмыз осы біздің ферроқорытпа зауыты туралы. Осы АЗФ-қа рахмет, осындай шараларды өткізіп жатыр, бізге эмоция сыйлап жатыр,-деді Ақсу ферроқорытпа зауытының біртекті рудаларды механикалық өңдеу цехінің токарі Жалғас Әскерханұлы.

 

Сонымен қатар жиын барысында тәжірибелі мамандар мен Жастар лигасының өкілдері өндірістегі нақты жағдайлар мен кәсіби жолдағы маңызды шешімдер туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар жас қызметкерлердің еңбек процесіне, қауіпсіздік талаптарына және мансаптық даму мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарына жан-жақты жауап берді. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың белсенділігін арттыру мақсатында танымдық квиз ұйымдастырылды.

 

-Қазіргі жастар ерекше – олар өз таңдауын саналы түрде жасайды және өндірістік салада еңбек етуге өз еркімен келеді. Ақсу ферроқорытпа зауыты осындай ізденімпаз жастарды әрдайым қолдауға дайын. Бүгінгі жиын дәл сол қолдаудың айқын көрінісі. Еңбек жолының алғашқы қадамдарын жасап отырған жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар беріліп, өндірістің талаптары мен қауіпсіздік қағидалары түсіндірілді. Мұндай мүмкіндік олардың бойында туындайтын белгісіздік пен қорқынышты жеңуге, алғашқы қиындықтар мен кризистік сәттерді жеңіл өткеруге септігін тигізеді,- дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлер мен мәдениет жөніндегі директоры Наталья Габибова.

Бүгінгі жиын тек білім берумен шектелмеді. Өндіріс басшылығы да ерекше форматтағы кездесуге арнайы келіп, өз өмірбаяндарымен бөлісті. Қарапайым жұмысшыдан директор лауазымына дейінгі жолдары, еңбектің қиындықтары мен жетістіктері ашық айтылды.

 

- Менің еңбек жолым Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында басталды. Содан кейін екі жыл Челябинск қаласында металлургия мамандығы бойынша білім алдым. Оқыған білімімді тәжірибеде қолдана отырып, жұмысымды зауыттағы екінші балқыту цехінде жалғастырдым,-деп жеткізді Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры

Мұсабек Мақашев.

 

«Өсу порталы» - қызметкерлерге жаңа білім мен кәсіби даму мүмкіндігін ұсынатын бірегей алаң. Бұл бастама әрбір маманның әлеуетін толық пайдаланып, өндірісті одан әрі биікке көтеруге мүмкіндік береді. Игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ.