• Басты бет
  • Экономика
  • Ақсуда дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 814 миллион теңге қажет

Ақсуда дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына 814 миллион теңге қажет

 


Павлодар облысы әкімінің Ақсу қаласына жұмыс сапары барысында қалпына келтіру жұмыстарының қажеттігі жайлы айтты. Асайын Байхановқа бұған керек жалпы сома 814 милллион теңгеден асып кетті деп хабарлайды irbistv.kz.


19 маусымдағы дауыл нәтижесінде Ақсу қаласында әлеуемттік нысандар, көпқабатты үйлер мен жеке жер үйлер, сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің ғимараттары бүлінді.

 

- 9 білім беру, 4 мәдени, 2 медициналық мекеме, 2 спорт нысаны және жұмыспен қамту орталығы зардап шекті. Зақымданған жалпы алаң – 7398,6 шаршы метр. Қалпына келтіру үшін 309,5 миллион теңге қажет, - деп баяндады Павлодар облысының әкіміне жұмыс сапары барысында.

 

Тұрғын үйлерде 16 мың шаршы метр шатыр бүлінген. Оған 292 миллион теңге керек.

Сонымен қатар №10 өрт бөліміне, мемлекеттік кірістер басқармасы, прокуратура мен қалалық сот ғимаратына зақым келген.

 

- 443 көше жарығы мен 30 электрмен қамту бағаны бүлінген. 397 бағанды түзетіп, 76-сын ауыстыру керек. Сонымен қатар 213 бағананың 213 жарықшамы мен 29 іргетасын ауыстыру керек. Бұл жұмыстарға 101,4 миллион теңге керек, -деп хабарлады Ақсу әкімдігінде.

Қалпына келтіру жұмыстары жартылай орындалған. Десе де тағы да 814,2 миллион теңге керек.