Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға өңірімізде 6 милиард теңге игерілді

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында биыл өңірмізге респбуликалық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, 1563 өтінім бойынша инвесторлар шығыны өтелді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, сүт бағытындағы төрт түлікті өсіруге, жайылымдарды суландыру сынды бірқатар қажеттіліктерге жұмсалды.

 

- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы бойынша 2020 жылы 10,1 миллиард теңге игеріліп жатыр. Оның 6,2-сі бүгінде игерілді. Мың жарымнан астам өтінішті субсидияладық. Қараша айында республикалық комисияның шешімімен 3,9 млрд бөлініп отыр. Қазір құжаттар қабылданып, қарастырылып жатыр, - деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Қымбат Сейтқалиева.

 

Айту керек, биыл субсидиялау қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Осылайша, мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша өтеу үлесі 80%-дан 50%-ға төмендетілді, резервуар, жылжымалы вагон, киіз үй алынып тасталды, суару жүйелерін құру және кеңейту бойынша субсидия есептеудің ең жоғары рұқсат етілген құны гектары үшін 350 мың теңгеден, 800 мың теңгеге артты. Сонымен қатар, тері мен жүнді бастапқы өңдеу кәсіпорындарын құру және кеңейту жаңа паспорты енгізілді. Инвест субсидиялау бойынша өтінімдер қабылдау қараша айынан бастап «Qoldau» сандық платформасы арқылы да жүргізілуде.