Алдағы 2 жылда облыстық бюджеттің 90% әлеуметтік салаларға бағытталмақ

Облыстық мәслихаттың 16-шы кезектен тыс сессиясында бірнеше маңызды тақырыптар қозғалды. Соның ішінде 2022-2024 жылғы облыстық бюджет сөз болды.

Мысалы, білім беруге 2,6 млрд. тнг жұмсалады деп жоспарланып жатыр. Бұнда жаңа оқу жылындағы 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтандыру, «Еңбек» бағдарламасы бойынша кадрларды қайта даярлау, балалардаң қоғамдық көлікте тегін жүруі, үздік падагогтар мен дарынды балаларға грант төлеу мен жөндеу жұмыстарына бағытталмақ.

 

-Облыстың бюджет қаражаты есебінен облыс орталығы мен Ақсу қаласында 11 балабақша және Павлродар қаласының № 8 мектеп-лицейі жөнделетін болады. Мемлекеттік тапсырыс аясында Павлодар қаласының жеке меншік балабақшаларында 250 орын ашу жоспарлануда, -деп жеткізді экономика және бюджеттік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы.

 

Бұған қоса, денсаулық сақтау саласы да қалыс қалмайын деп тұр. Айта кетсек, Павлодар қаласының 1 ауруханасы урологиялық лазерлік жүйемен жабдықталынады, ал спортпен шұғылданатын адамдардың санын 2025 жылға дейін көбейту мақсатында волейболды дамытуға 80 млн қаражат жұмсалады. Енгізілген өзгерістерді ескерсек, бюджет көлемі 440 млрд. теңгені құрайды, ал бұндағы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен несиелер көлемі – 134 млрд. теңге болады деп жоспарланған.