Алтын шекілдеуік. Елімізде күнбағыс майы орташа есеппен 60 пайызға қымбаттады
960-тан 1000-теңгеге дейін. Қала тұрғындары «Ирбис» редакциясына күнбағыс майының күрт қымбаттауына шағымданды. Дүкен сатушылары болса, бағаны біз қоймаймыз деп ақталуда. Соңғы айда баға қағаздарын 3 рет ауыстырған.
- Бұл масқара ғой енді. Бағаны қайда өсіріп жатыр?, - деп таң қалды павлодар тұрғыны.
Мамандар баға өсімін шикізаттың қымбаттауымен байланыстырды. Елдің 2 ірі кәсіпорны жұмысын тоқтатқан. Қалған екеуі Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуде.
Бағаның күрт өсімі Қарағанды облысында тіркелді. Көрсеткіш 80% көтерілді. Алматыда 75,9, Батыс Қазақстанда 73,9. Ал Павлодар облысындағы ресми статистикаға сәйкес сандар 58,7% артқан.