• Басты бет
  • Экономика
  • Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан өзге сауда орындары демалыс күндері жұмысын тоқтатады

Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан өзге сауда орындары демалыс күндері жұмысын тоқтатады

Жұмыс күндері барлық сауда орындары белгілі бір талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастырады. Ол үшін келушілер санын 20% асырмау керек. Бұл тарапта ойын-сауық орталықтары, футкордтар мен кинотеатрлар жабық. Ал азық-түліктік емес тауарлар дүкені барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, жалпы сыйымдылығының 20% аспайтын көлемде сағат 18:00-ге дейін ашық болады. Ал азық-түлік орындарына 22:00-ге дейін келушілерді қабылдауға рұқсат. Бассейндерге бару үшін алдын ала жазылу керек. Бұл тарапта бір адамға 5 шаршы метрлік су бөлігі есебімен рұқсат етіледі. Ал басқа спортық нысандарда, жаттығу залдары мен сауықтыру орталықтарында адам сыйымдылығы 30 пайыздан аспаған жөн. Топтық шараларда бес адаммен шектелуі тиіс. Жұмыс уақыты сағат 20:00-ге дейін.

 

- Қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханалар, дәмханалар мен барлардың жұмысы бойынша, ғимарат ішінде 30 орыннан аспауы керек. Ал үстелдерің арасындағы ара қашықтық 2 метр. Бұл тарапта 1 үстелде 4 адамнан көп отыруға болмайды. Ал басқа да мерекелік, ұжымдық, отбасылық шараларды атап өтуге тыйым салынған. Жұмыс уақыты сағат 8.00-ден 20:00-ге дейін, -деді Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының м.а. Айбек Тұрсынғалиев.

 

Одан бөлек сауда орындарындағы қызмет көрсету нысандары, оның ішінде адвокаттық конторалар, сот орындаушылары, нотариустер сағат 9.00-ден кешкі алтыға дейін жұмыс жасайды. Ал ХҚКО 9.00-17.00 кестесіне ауысса, демалыс күндері жабық болады.

 

- Енді демалыс күндеріндегі тәртіпке келер болсақ, барлық азық-түліктік емес тауарларды саудалайтын нысандар, оның ішінде азық-түліктер, дәріханалар, жуынатын заттардан басқасы түгелімен тоқтатылады, құрылыс заттарын сататын дүкендердің көтерме сауда жасайтындары қалыпты тәртіпте, бөлшек сауда тек жеткізу қызметі үлгісінде. Сондай-ақ азық-түліктік, азық-түліктік емес тауарлар базарлары мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелер жұмысын тоқтату, - деді Айбек Тұрсынғалиев.

 

Қоғамдық тамақтанулар жеткізу қызметіне ауысса, массаж, монша, спа-орталықтар жұмыс жасамайды. Айта кету керек бұл талаптардың барлығы келесі демалыс күндеріне қатысты. Алдағы сенбі-жексенбі ескі қаулы өз күшінде болады.