Ақпанның бірінен 2006 жылғы банкноттар жарамайды

2006 жылғы 2, 5 және 10 мыңдықты айырбастау төрт жылға созылды. Бұл 2016 жылдың 4 қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін. Алайда, өткен жылдың күзінде қаржы реттеушісі халық өтініші бойынша мерзімнің ұзартылғанын мәлімдеді. Банкноттарды қабылдаудың соңғы датасы 2021 жылдың 1 ақпанына белгіленді.

 

- Ұлттық Банктің Павлодардағы филиалы 1 ақпанда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5 және 10 мың теңгелік банкноттарды айырбастау мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Бұл банкнот тек Ұлттық Банктің филиалдарында айырбасталады. Павлодар облысының тұрғындары Сәтпаев көшесі, 44 мекенжайы бойынша, 9-дан 15.00-ге дейін  жүгіне алатынын хабарлаймыз, - деді «ҚР Ұлттық Банкі» РММ ПФ қолма-қол ақшамен және кассалық операциялармен жұмыс бөлімінің бастығы Досжан Нүкешов.

 

Қабылдау мерзімі ұзартылысымен аймақтың көптеген тұрғындары мүмкіндікті пайдалануға кірісті. Мәселен, 2020 жылғы 5 қазаннан 2021 жылдың 21 қаңтарына дейін Ұлттық Банктің Павлодардағы филиалына айырбастау үшін 574 купюра әкелінді. Жартысынан көбі-10 мың. Ең азы-5 мың. 2006 жылғы үлгідегі қабылданған банкноттардың жалпы сомасы 4 миллион 451 мың теңгені құрады.