Ақсу ферроқорытпа зауыты балаларға спорт мерекесін ұйымдастырды

 

 

Ақсу ферроқорытпа зауыты осымен 10 жыл бойы жас таланттарды ірктеу жұмысы мақсатында спорт фестивалін ұйымдастыруда. Зауыттың спорт алаңдарында ең мықты, ең өнерлі және болашағы зор балалар жиналды. Олардың барлығы болашақ спорт жұлдыздары атағына лайық атлеттер.

 

- Ақсу ферроқорытпа зауытының спорт алаңдарында балалар спортының оныншы фестивалі өтуде. Қазақстанның жеті өңірінен бес жүз жас спортшы жиналды, жарыс спорттың бес түрінен өтеді. Үш күн ішінде медальдармен және грамоталармен марапатталатын мықтыларды анықтаймыз,-дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлер және мәдениет жөніндегі директоры Наталья Габибова.

 

Осы жылдар ішінде турнирге қатысқан көптеген спортшылар нағыз кәсіпқойлар болып өсті. Оладың көбі дәл осы фестиваль арқасында алғашқы қадамдарын жасаған болатын. Ақсуда барлық инфрақұрылым мен стадиондар бар, сондықтан қонақтардың көңіл күйі жоғары, ойындардың барлығы эмоцияға толы. Әр кездесуде барын салып, тартысты ойындар көрсете білді.

 

- Біз осы жарысқа келгенімізге өте қуаныштымыз, осы өте керемет залға. Және барлығымыз жеңуге дайынбыз,-деді жарысқа қатысушы Айдана Оспан.

 

Фестивальдің жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанмен қоса, балалар бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңа дос табу мүмкіндігіне ие болғанын да атап өту керек. Мысалы Курчатов құрамасының армреслинг командасы көпшілікке таныс. Қол күресі бұл өңірде үлкен танымалдылыққа ие. Олардың дәрежелеріне қарап, бұл спортқа деген қызығушылық арта түсуі әбден мүмкін. Сонымен қатар, бұл додада үлкен назар - бапкерлерде. Себебі әр шәкірттің жетістігі ұстазға тікелей байланысты. Ал олар өз кезегінде тәрбиеленушілерін барынша қолдап, күш-жігер береді.