• Басты бет
  • Экономика
  • Ақсу өндірістік аумағындағы қант зауытын салу үшін инвесторлармен келісуде

Ақсу өндірістік аумағындағы қант зауытын салу үшін инвесторлармен келісуде

Қант зауыты Ақсу аумағында бой көтерсе, қызылшаны отырғызатын ең алыс алқаптар 90 шақырымнан аспау керек. Бұндай кәсіппен айналысу тәртібі сондай екен. Осы орайда 150 тонна қант шығару үшін 1 миллион тонна қант қызылшасын өңдеу қажет. Сол себепті егістік жерлер бойынша да дұрыс шешім жасаған жөн.

 

- Қант өндірісіндегі шикізат мәселесі жерді суаруды дамытуға тікелей қатысты. Өйткені қант қызылшасы жер суарылмаса, жақсы өнім бермейді. Сол себепті қант зауытының құны жобалық-сметалық құжаттамаға байланысты. Маусым айының басында сәйкес құжат, мемлекеттік сараптамамен бірге ұсынылады деп отырмыз, - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асайын Байханов.

 

 

Қазіргі таңда өңір басшылығы бір шетелдік компаниямен байланыс ортанып, мәмілеге келуге жақын екендігін алға тартты.

 

- Өндіріс нысанын қолға алам деген бірнеше инвесторлар, оның ішінде шетелдіктері де бар. Негізінен түркиялық компания. Келіссөздер әлі  нақты шешімдерге әкелген жоқ, бірақ мамыр айының соңында барлығы анықталады. Келісім жасалды деп сенеміз, - Асайын Байханов.

 

 

Елімізде өндірілетін шикізаттың басым бөлігі экспортқа кетеді екен. Кейбір кәсіпкерлер өнімді қант құрағын өңдеу арқылы шығаруға бел буады. Сондықтан суармалы жерлерді көбейтіп, қызылшаны өсіруге көңіл бөліп, қант зауытын іске қосудың стратегиялық маңызы зор.