Бүкілхалықтық сауда-саттық мерекесі – Kaspi Жұма басталады

 

 

Kaspi Жұма Қазақстанда осымен тоғызыншы рет өтеді. Күзде қазақстандықтар дәстүрлі түрде қысқы дөңгелектерді, жылы киімдерді, үйге қажетті жылу құралдарын, қысқы спорт тауарларын сатып алады. Осы және басқа да сұранысқа ие тауарлардың барлығын еліміздегі танымал дүкендерден және Kaspi.kz-тегі интернет-дүкеннен үйге немесе Kaspi Postomat-қа тегін әрі ыңғайлы түрде жеткізу арқылы тиімді сатып алуға болады. Бүкіл Қазақстан аумағындағы компаниялар, әсіресе шағын орта бизнес өкілдері мерекеге алдын ала дайындалуда. Kaspi Жұма кезінде қазақстандық кәсіпкерлердің сауда көлемі бірнеше есеге өседі.

 

-Ramerra бұл отандық өндіріс. Яғни өзіміздің өнім. Бізде жұмсақ жиһаздар яғни матрастар, төсектер және дивандар. Kaspi Жұмаға біздің қатысуымыз бірінші рет емес. Kaspi Жұма күндері біздің саудамыз 2-3 есеге көбейеді. Kaspi Жұма өзімізді бренд ретінде ұсыну үшін, отандық өнім ретінде ары қарай өсу үшін тиімді,-деді Ramerra бренді сатып алу бөлімінің аға менеджері Алтынай Абдраимова.

 

-Бізде 29 дүкеніміз бар Қазақстан бойынша. Оған қоса тағы да бір интернет магазин. Дүкендерімізде үлкен ассортимент бар. Парфюмериялық, косметикалық брендтер. Биыл өте үлкен жұмыс жасадық. Ол 60-тан аса жаңа брендтер енгіздік, біздің ассортиментке. Kaspi Жұманы біз өте қатты бағалаймыз. Бізге қатты ұнайды, бұл – үлкен мейрам. Содан кейін біз оған өте алдын-ала, нақты дайындаламыз,-деп жеткізді «Monаmie.kz» бөлшек желісін дамыту жөніндегі менеджері Нұрғали Абдуллаев.

 

Жеткізу қызметтерінің де жұмысы көбейеді. Тапсырысты сатып алушының үйіне немесе жақын маңдағы Kaspi Postamat-қа жеткізеді. Kaspi Postamat-тар бүкіл ел аумағына орнатылған және курьерді күтпестен, сатып алған затты ыңғайлы уақытта алып кетуге болады.

 

-Біз қазақстандық компаниямыз. Kaspi.kz-пен 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатырмыз. Kaspi.kz-пен жұмыс істеу барысында біздің обьем 5 есеге өсті. Kaspi Жұма кезінде адам көп, жұмыс көп, қосымша адамдарды алып, енді еселенген жұмысты, тез арада адамдарға постоматтарға жеткізуге тырысамыз. Біздің Kaspiмен серіктестігіміз біздің компанияға өте үлкен көмек болып отыр. Ал біз сияқты шағын және орта бизнестің дамуы Қазақстан экономикасына үлес қосып жатыр,-деді «Taler» ЖШС директоры, жеткізу бойынша Kaspi.kz серіктесі Мәлік Хасан.

 

Kaspi Жұма бүкілхалықтық сатып алу мерекесі - еліміздегі маңызды оқиғаға айналды. Біз өмірімізді жақсартатын заттарды тиімді сатып аламыз. Ал қазақстандық кәсіпкерлер сату көлемін арттырып, дамуда және жаңа жұмыс орындарын ашуда.