Баянауылдағы аэродром жабық

«Қазір нысан орналасқан аумақ күзетілуде. Себебі ондағы мүлік кешені аудандық әкімдіктің иелігінде. Біз оны қаз қалпында сақтауымыз керек. Ал сот шешімінен кейін кешеннің тағдырын шешетін боламыз, -деді Баянауыл ауданының әкімі Қанат Кәрімов.

 

Аудан әкімі жаппай бұқаралық шараларға тыйым салынғанын жеткізді. Спорттық шараларды өткізу бойынша шектеулер бар. Ал Мырзашоқыда әзірге су құбыры жоқ. Сондықтан да жасанды қар мәселесі де шешілмеген. Жергілікті әкімдік бұл орын сенімгерлік басқаруға берілгенін жеткізді.

 

-Бізде орналасқан демалыс үйлері мен қонақ үйлер барлық санитарлық-гигиеналық шараларды сақтап, мәселен санитайзерлер, дизенфекциялық кілемдер сатып алып, бетперде тәртібі, бөлмелерді жиі желдету, келушілердің қызуын өлшеу секілді негізгі ережелерді ұстануы тиіс, - деп атап өтті Баянауылдың әкімі. 

 

Айтуынша қазір Мырзашоқыны қолға алған бизнесмен қысқы маусымға дайындық шараларын жасауда. Сол себепті әкімдік оған барынша қолдау көрсетуге дайын. Тіпті онда барғысы келетіндер үшін арнайы шағын автобустар ұйымдастыра алады.