Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Базадағы ақау салдарынан мүгедек кәсіпкерлер қара тізімге енген

Экономика

94
Зағиптар қоғамындағы кәсіпорында еңбек еткен 80 адам жұмыссыз қалды. 45-і - мүгедек. Мәселе мемлекеттік сатып алу порталында орын алған олқылықтан туындаған. Енді олар алақол жеткізуші тізімінде.

Зағиптар қоғамы типографиямен, тігін өндірісімен айналысып, тапқан қаражатқа өз шығындарын жауып жүрген. Алайда сәуір айында мемлекеттік сатып алулар порталында алақол жеткізуші тізіміне кіріп, табыстарынан айырылып отыр. Айтуларынша тендерді жеңгенімен олқылықтарға байланысты келісімшартқа қол қою мүмкін болмапты. Ал мұнда еңбек ететін жұмысшылардың 57 пайызы мүгедек.

 

- Біз бәрін дәлелдеп, алақол жеткізуші тізімінен шықпағанша 80 адам жұмыссыз қалып отыр. Бұл кем дегенде 4 айға. Олардың 40-тан астамы мүгедек. Сонымен қатар әкімшілікте де 2 мүгедекпіз. Біз де адамдар жұмыссыз қалғаны үшін кінәлі болып саналамыз, - деді Қазақстан зағиптар қоғамы ҚБ Павлодар оқыту-өндірістік кәсіпорны ЖШС директорының орынбасары Арғынғали Бердиев.

 

Зағиптардың айтуынша бұған дейін 3000-нан астам келісімшартты орындаған. Жұмыстарды уақытында, сапалы жасаймыз дейді. Мәселені шешу үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасына өтініш жазды. Қазіргі таңда аймағымызда осындай жағдайға тап болған 26 кәсіпорын бар көрінеді. 

 

- Бұл әдейі жасалды деп айта алмаймыз. Себебі бағдарлама да істен шығады. Алайда бұл жағдайда бизнес зардап шегуде. Жүргізілген анализ нәтижесі бойынша Қазақстан аймағында 60-тан астам кәсіпорын осындай мәселемен жүгінген. Бүгінде тек Павлодар облысы бойынша тағы 25 өтініш келіп түсті, - деді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Серік Әубәкіров.

 

Кәсіпкерлер палатасында алақол жеткізуші тізіміне енгендер 24 айға мемлекеттік сатып алуға қатысу құқығынан айырылатынын жеткізді. Ендігі кезекте мәселе бағдарламадағы олқылықтарға байланысты туындағанын дәлелдеу үшін сотқа жүгінбек.

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()