Беларусь жәрмеңкесінде аяқ киім қол жетімді бағамен!

 

Белорус жәрмеңкесі бізге бірнеше рет келді. Шетелдік қонақтар павлодарлықтарға жыл көлемінде әр маусымға арналған аяқ киімдерді ұсынды. Бұл жолы ассортимент жаңа модельдермен толықты.

 

- Павлодар қаласында Белорус аяқ киім жәрмеңкесі өтуде. Аяқ киім табиғи теріден жасалған, сонымен қатар қойдың жүні, табаны полиуретан сияқты материалдардан жасалған, ол сынбайды, сонымен қатар, сырғанауға қарсы табан бар. Сондай-ақ, жаңа жылдық мерекелердің алдында бізде барлық жазғы аяқ киімге жеңілдіктер бар, өзіңізді және жақындарыңызды қуантуға уақыт бөліңіз. Біз сіздерді Павлодар қаласында, Беларусь аяқ киім жәрмеңкесінде күтеміз,-деді жәрмеңке менеджері Данил Войтенко.

 

Мұнда аяқ киімнің барлық өлшемдері бар. Әйелдердікі 36-дан 42-ге дейін, ерлерге 40-тан 49-ға дейін. Айтпақшы, бағалар қол жетімді. Әйелдер жұптары 11 мыңнан, ерлер жұптары 18 мың теңгеден басталады. Жәрмеңке бізге жиі келетініне қарамастан, қала тұрғындары Белорус өнімдерін сатып алуда. Өйткені, мұнда кез-келген адам өзіне қолайлы модельді таңдай алады.

 

-Мен осында екінші рет келіп отырмын. Өте сапалы, сенімді, әрі ыңғайлы. Бүгін өзіме ұнаған модельді сатып алдым. Қатты ұнады,-деп жеткізді тұтынушы Станислав Кекин.

 

Павлодарлықтар мүмкіндікті пайдаланып, қаңтардың 24-29-ы аралығында арзан әрі сапалы аяқ киім сатып ала алады. Жәрмеңке «Алтын» бизнес орталығында, бұрынғы «Аврора» кинотеатрында, Жеңіс алаңы, 25 мекенжайында орналасқан. Қызметкерлер қала тұрғындарын демалыссыз күтеді.