• Басты бет
  • Экономика
  • Белгілі сарапшы Дмитрий Казанцев павлодарлық кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Белгілі сарапшы Дмитрий Казанцев павлодарлық кәсіпкерлермен кездесу өткізді

 

 

Кездесуде жалпыға бірдей декларациялау, салық заңнамасындағы өзгерістер мен бизнесті бірнеше бөліктерге бөлу тыйымы жайлы айтылды. Айта кетейін, Қазақстан бойынша бизнес турды ұйымдастырды, биылғы турды "BEREKE BANK-тің BEREKE BUSINESS бағыты қолдады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Кездесуге кәсіпкерлер мен есепшілер қатысты. Жалпы саны төртжүзденастам адам. Бұл шараның негізгі мақсаты - кәсіпкерлікке қатысты туындайтын бизнестің негізгі мәселелері мен салық кодексіндегі өзгерістерді түсіндіру. Сарапшы бизнеске қатысты ең қажетті ақпаратпен бөлісіп, өз жеке тәжірибесіне негізделген мысалдарды келтірді және кеңестерін берді.

 

- Келесі жылдан бастап бізде жаңа талап күшіне енеді. Салықты аз төлеу үшін екі ЖК, немесе ЖК және ЖШС бірлескен болғанда бизнесті бөлшектеуге келесі жылдан бастап тыйым салынады. Міне, осы жұмыстың барлығын қайта құру үшін бізде алты ай бар, сондықтан бұл кәсіпкерлер мен есепшілер үшін өте маңызды тақырып,-деді салық бойынша сарапшы Дмитрий Казанцев.

 

Қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығына үлес қосып жатқан Bereke Business кәсіпкерлерге арналған қызметтер мен сервистердің кең түрін ұсынады. Банк өз клиенттеріне барынша жағдай жасап, бизнестерін дамытуға көмектеседі. Шағын бизнес иелері жоғары бәсекелі ортада жұмыс істейді. Сондықтан әр кәсіпкерге өзінің қаржы білімінің деңгейін арттыру және заңнаманың қыр-сырын түсіну өте маңызды.

 

- Дмитрий Казанцев бұл Қазақстандағы салық бойынша танымал сарапшы, сондықтан біз салық салуға қатысты клинеттеріміз білмей жататын сәттер туралы айтқымыз келеді,-деді "BEREKE BANK" АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Александр Калинин.

 

 

Дмитрий Казанцев салық кодексіндегі жаңашылдықтар туралы ақпаратпен бөлісуді жалғастырады. 11-ші бизнес тур Талдықорған қаласымен аяқталады.