Белорус аяқ-киімдерінің қысқы сұрыпталымы

 

 

Талғамы жоғары тұлғалар үшін тамаша жаңалық. Белорус елінің сәнді әрі қолжетімді аяқ киімін Павлодарда сатып алуға болады. Ассортимент үлкен күзгі үлгілермен толықты.

 

Беларус жәрмеңкесімен көптеген павлодарлықтар таныс және баға беріп үлгерді. Пікірлер оң, сол себепті бүгін көбі жаңа топтаманы сатып алуға асығып жатыр. Тауардың қолжетімді бағасы мен жоғары сапасына Людмила Фисенконың көзі жетті. Қала тұрғыны жаңа киімді осында алуға сенімділікпен кеңес берді.

 

- Келемін деп едім, қолым тимеді, кейін нақты бүгін келемін деп бел байладым. Маған тамаша қызмет көрсетті, бірнеше үлгісін киіп көріп едім, осыны таңдадым, енді шешуге қимай отырмын. Қатты ұнады. Жұмсақ, жайлы. Өте жақсы, -дейді павлодарлық сатып алушы.

 

-Белорус және ресейлік аяқ киім жәрмеңкесіне адамдар сапасы мен қол жетімді бағаларына байланысты келеді. әдетте, барлық ауру аяқтан деді, сондықтан үлкен балтыр және шығыңқы сүйегі бар күрделі аяққа жоғары сапалы аяқ киім сатып алуыңыз керек, бағалар бізде барлығына қол жетімді, әйелдер үлгілері 11 000 және одан жоғары, ерлер аяқ киімдері18 және одан жоғары,-деп жеткізді ұйым менеджері Евгений Калачев.

 

Қаламызда бұндай жәрмеңке жиі өтеді. Және аяқ киім әрдайым көзді ашып жұмғанша сатылып кетеді.. Тұрақты сатып алушылар кез-келген аяққа арналған киім бар екенін біледі. Әйелдердің өлшемдері 36-дан 42-ге дейін, ерлерге арналғандары 40-тан 49-ға дейін. Бүгін күзгі аяқ киім түрлері өте көп. Үлгілері мен түстері тіпті ең талғампаздардың көңілінен шығады. Барлығы 1500 жұп. Белорус аяқ киімінің жәрмеңкесі Павлодарда қыркүйектің 13-15 аралығында өтеді. Ол демалыссыз таңғы оннан кешкі жетіге дейін жұмыс істейді. Тауарлардың саны шектеулі, сондықтан арзан және сапалы аяқ киім сатып алғысы келетіндер асығуы тиіс. Мекен-жайы: Жеңіс алаңы 25, Алтын бизнес орталығы, бұрынғы "Аврора" кинотеатры