Белорус аяқ киім жәрмеңкесі павлодарлықтарды таң қалдыруда

 

Беларус жәрмеңкесімен көптеген павлодарлықтар таныс және баға беріп үлгерді. Пікірлер оң, сол себепті бүгін көбі жаңа күзгі топтаманы сатып алуға асығады. Қыс мезгіліне дайындалатын кез де келіп жетті, сондықтан ассортимент жылы үлгілермен толығады. Тауардың қолжетімді бағасы мен жоғары сапасына Людмила Фисенконың көзі жетті. Қала тұрғыны жаңа киімді осында алуға сенімді кеңес берді.

 

- Көпке дейін бара алмай жүрдім. Бүгін барам деп шештім, маған өте жақсы қызмет көрсетілді, мен бірнеше аяқ киімді киіп көрдім. Таңдау жасадым, тіпті, шешкім де келмейді. Өте қатты ұнады, жұмсақ әрі ыңғайлы,-дейді қала тұрғыны.

 

-Белорус және ресей аяқ киімі жәрмеңкесіне адамдар сапасы мен қол жетімді бағасы үшін келеді. Әдетте, барлық ауру аяқтан дейді, сондықтан аяқ киім сапасы жоғары болуы абзал. Біздің өнімнің барлығы табиғи былғарыдан, сонымен қатар қой жүнінен жасалған қысқы аяқ киім, бұған қоса, проблемалы аяқтарға арналғандары да бар, табаны биік, үсті кең, сүйегі шығыңқы адамдарға арналған, оладың табандары ортопедиялы және сырғанауға қарсы. Бағалар барлығы үшін қолжетімді, әйелдерге арналғандары – 11 мыңнан жоғары, ал ерлер аяқ киімі 18 мыңнан басталады,-дейді ұйым менеджері Евгений Калачев.

 

Павлодарда бұндай жәрмеңке жиі өтеді. Және аяқ киім әрдайым көзді ашып жұмғанша сатылып кетеді. Тұрақты сатып алушылар кез-келген аяққа арналған киім бар екенін біледі. Әйелдердің өлшемдері 36-дан 42-ге дейін, ерлерге арналғандары 40-тан 49-ға дейін. Бүгінде маусымдық аяқ киімдердің үлкен таңдауы бар. Үлгілері мен түстері әртүрлі, тіпті ең талғампаздардың көңілінен шығатыны сөзсіз.

 

-Бізге әйелдер мен ерлерге арналған қысқы аяқ киімнің үлкен таңдауы келіп түсті, бағасы қолжетімді, сапасы жоғары аяқ киімді сатып алу мүскіндігін жіберіп алмаңыз. Біздің мекенжайымыз – Жеңіс алаңы 25, «Алтын» бизнес орталығы, бұрыңғы «Аврора» кинотеатры,-деп хабарлады ұйым менеджері Евгений Калачев.

 

Белорус аяқ киімінің жәрмеңкесі Павлодарда қыркүйектің25-не дейін өтеді. Демалыссыз таңғы оннан кешкі жетіге дейін жұмыс істейді. Тауарлардың саны шектеулі, сондықтан арзан және сапалы аяқ киім сатып алғысы келетіндер асығуы тиіс.