• Басты бет
  • Экономика
  • Биыл Екібастұз қаласындағы жылу желілердің 6 шақырымын жаңарту жоспарлануда

Биыл Екібастұз қаласындағы жылу желілердің 6 шақырымын жаңарту жоспарлануда

Екібастұз қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары ақпанда басталған. Қазір екі қазандықты жаңартып жатыр. Станция бюжеттік және акционерлердің қаражатына жөнделмек. Мемлекет 5 су жылыту қазандығына қаражат бөлсе, акционерлер үш энергетикалық қазандық және станцияға ортақ құрал-жабдықтарды жаңартады.

 

-Екібастұз қаласы бойынша инфрақұрылымдық желілердің жалпы 17,4 шақырымын жаңарту жоспарлануда. Оған 9,7 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде бюджеттік қаражатқа 5,6 шақырым жаңартылса, монополия субъектілері 800 метр,-деді Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов.

 

Екібастұз әкімі төтенше жағдайдан кейін анықталған олқылықтарды жоюға 1,7 миллиард теңге бөлінгені туралы айтты. Бүгінде кеншілер қаласындағы жылу желілердің тексеруі жүргізіліп, нәтижесінде тозған құбырлардың 6,4 шақырымы жаңартылатын болады. Сондай-ақ, жиында облыс орталығын жылыту маусымына дайындау туралы сөз қозғалды.

 

-Жалпы биыл Павлодарда желінің 3,1 шақырымы толықтай жаңартылады. Жұмыстар 26 учаскіде жүргізіледі. Жылу магистралінің 0,8 шақымы ал орамішілік 2,1 километрін жаңарту жоспарлануда. Биыл республикалық бюджеттің қолдауымен №31 жылу магистралінің құрылысын бастау жоспарлануда. Оның арқасыда Павлодардың солтүстік бөлігіндегі үйлерге жылу беру көрсеткіші жақсарады,-дейді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов.

 

Күн райына байланысты әзірге жылыту маусымының аяқталу мерзімі жарияланған жоқ. Қаулыны қала әкімі шығарады. Батареялар салқындағаннан кейін Павлодарда бірден гидравликалық сынақтар басталмақ.