Биыл Павлодарда тұрғындарды жұмыспен қамтуға 700 миллион теңге бөлінген
Павлодарда жыл соңына дейін «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша 350 адамды оқытуды жоспарлауда. Қазіргі таңда 89 адам кәсіпкерліктің қыр-сырымен танысып жатыр. Өз бизнес жобаларын қорғаған түлектер де грантқа үміткер бола алады. Жоспар бойынша 215 кәсіпкер. Өз ісіңді бастауға мемлекеттен берілетін бастапқы қаражат 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін. Ақша қайтарымсыз. Басты талап - мақсатты бағыт. Сонымен бірге қалалықтар үшін 12 миллион теңгеге дейін, ал ауылдықтарға 7 миллион теңгеге дейін әлеуметтік несеиелер де ұсынады.
- Екінші бағыт бойынша микронесие аясында 28 қатысушыға 358 миллион теңге қаражат бөлінді. Оны қазір 4 адам алып үлгерді. Сол себепті барлық жұмыссыздарды, өзін өзі жұмыспен қамтушыларды дәл осы микронесиелендіру бойынша аталмыш бағдарламаға қатысуға шақырамыз, - деді Павлодар қаласы жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Ағзамова.
Несие жылына 6% беріледі. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 4%. Қайтару мерзімі 7 жылға дейін. Бизнес жоспар, кепіл мүлкі барлық қатысушылар үшін міндетті талаптар.

