Бір жыл ішінде елімізде жанармай бағасы 14%-ға қымбаттады

Соңғы кездері павлодарлық темір тұлпар иелері жанармай бекеттеріндегі барлық санаттағы отындардың күрт қымбаттап кеткендігін байқады. Осы орайда,  бензин бағасы бір жыл ішінде 13,6% өскен екен. Жүргізушілер жүйелі түрдегі қымбаттауларға үйреніп кетттік дейді. Бірақ шаруашылық иелері отынның өсімі, жұмыс маусымына дәлме-дәл келуі ауыр тиетіндігін алға тартты.    

 

Дегенмен, қазақстандағы жанармай Еуропа елдерінен әлдеқайда арзан дейді сарапшылар. Орташа алғанда құны - 185 теңгені құрайды. Ең қымбат жанармай Финляндияда, 2 долларға жуық. Ал өзге өңірлердегі бензин бағасы өсімін салыстыратын болсақ, Павлодар облысы алдыңғы қатарда емес. Біздің аймақта бір жыл ішіндегі өсім 10,3%-ды құрады. Мысалы, Батыс Қазақстан, Түркістан облысы мен Шымкентте 17,2%-ға, 17%-ға және 16,5%-ға өсті. Ал отын түрлері арасында АИ-95/96 бағасы 14,4% көтерілген.

 

Авторы: Дархан Бекишев