Чек бермеген сатушыға шағым түсіріп, ақша алуға болады
Ережеге сәйкес, бұзушылық фактілері расталған жағдайда хабарлаған адамға 1000 теңге мөлшерінде сыйақы беріледі. Қаулы мамырдың 28-нен күшіне енеді. Сыйақыны осы бағытта мемлекеттік сатып алу конкурсын жеңіп алған оператор, бұзушылық фактісі расталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде ұялы телефонның теңгеріміне аударатын болады. Қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
- Егер де қазіргі таңда кез келген адам өзінің азаматтық бақылау акциясы шеңберінде осы кез келген дүкенде сауда обьектісінде оған төлем картасы арқылы немесе онлайн бақылау кассасы арқылы жалпы түбіртегі берілмеген жағдайда ол мобильді қосымша арқылы жүгініп, осы фактіні айта алады, - деді Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Индира Әбілова.
Сондай-ақ, банк картасы арқылы төлем қабылдай алмайтын сауда орындары да заң бұзушылыққа жатады. Маусым айынан ауылдық бизнесмендер арнайы құрылғы орнатуға міндетті.

