• Басты бет
  • Экономика
  • Демалыс күндері бірқатар бизнес субъектілерінің жұмыс істеуіне рұқсат берілмек

Демалыс күндері бірқатар бизнес субъектілерінің жұмыс істеуіне рұқсат берілмек

Ведомствоаралық комиссияның отырысында санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру және жұмыс күндері келушілер ағынын азайту мақсатында демалыста бірнеше бизнес нысандарының жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Яғни аумағы 500 шаршы метрден аспайтын сұлулық салондары, шаштараз, фитнес орталықтары, тренажер залдары, спорттық кешендер жұмысын жандануы мүмкін. Арнайы қаулы алдағы күндері қабылданады деп күтілуде. Сондай-ақ медициналық бетперделердің шекті бөлшек сауда бағасын 80 теңгеден 60 теңгеге арзандату шешімі де қабылданды.

 

- Әр тауардың шекті бағасы бар. Бетперделер құнының тұрақты болуын мониторингілік топ күнделікті бақылап отырады. Тұтынушы бағаның сақталмауын байқаған жағдайда хабарлап мәлімдеуіне болады. Бұл жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Демалыс күндері бірқатар нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат беру туралы шешім қабылданды. Өңіріміздегі өзгерістер туралы қаулы осы аптада қабылданады. Біз міндетті түрде оны сіздерге мәлімдейміз, - Павлодар облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиев.

 

Павлодар облысы бойынша жаппай екпе жасау үшін бюджеттен 69,4 млн.теңге бөлінді. Оған 80 050 доза вакцина сатып алынып, тұрғындардың 11% иммунизациялауға мүмкіндік береді. Жаппай егу науқаны қыркүйектің 7-сі басталды. Бүгінде жоғары қауіпті топтағы 21 мыңнан астам адам вакцинацияланды. Бұл – 34%.

 

Батырбек Әлиевтің айтуынша, қыркүйектің 14-нде тұмауға қарсы вакцинаның 70 700 дозасы түсті, бұл жалпы өтінімнің 88,3 пайызын құрайды. Бүгінде 117 егу бригадасы құрылған. Оның құрамында 114 дәрігер, 118 орта медициналық қызметкер және 41 тіркеуші бар. 10 медициналық ұйым вакцинацияны аяқтады. Бірінші кезекте қауіп-қатер тобына кіретін тұрғындарға екпе жасалды. Оған медицина қызметкерлері, балалар мен 60-жастан асқан қарттар, жүкті әйелдер мен диспансерлік есепте тұрған пациенттер.

 

Қазіргі таңда өңіріміздегі КВИ өсімі 0,5 пайызды құрайды. Яғни ауырғандардың саны 3 есеге төмендеген. Ал 12 мыңға жуық  кәсіпорын қызметкерлері мен  4000-нан аса адам тұмауға қарсы екпені ақылы түрде жасауға ынта білдірген. Оның бағасы 2000-нан 4500 теңгеге дейін болады деп күтілуде.