Доллар арзандады

Доллардың ресми курсы 4 теңгеге түсті. Сарапшылар мұны әлемдік нарықтағы жағдаймен байланыстыруда. Биткоин ақырындап өз позициясын жоғалтуда, сондай-ақ америкалық валютаға сұраныс қазір төмен. Пандемияға байланысты мемлекеттен шығу көптеген бизнесмендер үшін жабық. Мұнай бағасы өсіп жатқанда теңге өзінің позициясын тұрақты ұстады. Ал демалыс күндеріне қарай жағдай өзгерді. Бүгін павлодарлық айырбастау пунктерінде бір долларға 426 теңге сұрауда. Орташа 424,5 теңгеге сатады. Рубль 5,81. Бизнесмендер өзгерісті сағат сайын бақылап отыратындарын айтуда. Жаздың ортасы үшін долларға деген сұраныс төмен. Халықаралық бағыттарға шектеу енгізгізу кәсіпкерлердің өмірін қиындатты. Жағдай қыркүйекке қарай  бизнесмендер тауар сатып ала бастағанда толығымен өзгеруі мүмкін дейді сарапшылар.