Достықтағы үйлердің жыры қашан бітеді?

Айтуларынша Батырбек Увалиев бюджеттік ұйым жұмыскері ретінде пәтер кезегіне 2012 жылы тұрған. Мұндағы үйлердің екеуі өткен жылы, біреуі желтоқсан айында салынып біткен екен. Алайда әлі күнге дейін пәтер кілтіне қол жеткізе алмай отыр. Адамдар күн сайын келіп, тек сыртынан қарап кетеді.

 

- Соңғы рет бізге әкімдікте қабылдау актісіне қол қойылып шілденің оны үй тапсырылады деді. Мұндағы бірқатар ақауларды жойып жатырмыз деген. Алайда жұмыс атқарылып жатқан жоқ. Мұнда тіпті ешкім келмейді. Шілденің 10-ы күні тапсырылатын үйге ұқсамайды, - дейді Батырбек Увалиев.

 

Әкімдіктегілер пәтерлердегі кейін шыққан ақауларды жөндеп жатқанын айтқан. Қазіргі таңда 140-тан астам отбасы осында көшіп келу үшін бар жүгін дайындап отыр. Олардың барлығынадерлігі қазір пәтер жалдап тұрып жатырмыз дейді.

 

- Кемшіліктері көп, есіктері жабылмады. Полдары қисық, лимнолеумдары барлығы ертең жыртылады ғой. Міне қанша тосып отырмыз. 6 ай, 7 ай болды. Үйлерді жалдап тұрып жатырмыз. Анда төлейміз, мында төлейміз. Ол барлығы дұрыс емес қой, -  деп атап өтті Дүйсенбай Ибраев.

 

Еске салсақ, бұған дейін әкімдік шынымен де үйлер шілденің оны тапсырылады деген болатын. Ал бүгін олар бұл сұраққа жауап бере алмады. Ақпарат жинауға сөз берді. 

 

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы