• Басты бет
  • Экономика
  • Екібастұзда шенеуніктер кәсіпкерлерден заңсыз салық төлеуге мәжбүрлеген

Екібастұзда шенеуніктер кәсіпкерлерден заңсыз салық төлеуге мәжбүрлеген

 

 

Екібастұз қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Үлгілік ережелерге сәйкес мемлекеттік мекеме теңгеріміне бекітілген мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсыру шаруашылық жүргізуші субъектіні мүлік салығынан босатады. Дегенмен шенеуніктер, бұл талапты қайта міндеттеген.

 

-Экономика және қаржы бөлімі шарт жасасу кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген. Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 миллион теңге төлем қайтарылды. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды, - деді Павлодар облысының прокуратурасында.

 

Фото: Freepik.com