• Басты бет
  • Экономика
  • Экология министрі: «Кальцийленген сода зауыты құрылысы қоғамдық тыңдауларға тікелей байланысты»

Экология министрі: «Кальцийленген сода зауыты құрылысы қоғамдық тыңдауларға тікелей байланысты»

 

 

 

 

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ірі өнеркәсіптік жылу-энергетика кешенінің, металлургияның және мұнай-химияның кәсіпорындары орналасқан Павлодар облысы жұртшылығы мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Бұл ретте, соңғы жылдары жерлестеріміз үшін өткір мәселе, кальцийленген сода зауытының құрылысына қатысты сауалдар жиі көтерілді.

 

-Қазіргі таңда бұл зауыттың жобасына қатысты материалдар Павлодар облысының экология департаментіне келіп түскен жоқ. Жалпы бұл өнідіріс орнының құрылысын бастау, қоғамдық тыңдаулардың жағымды өтіп, қоғамнан қолдау табуына тікелей байланысты,-деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі.

 

Тұрғындарды толғандырған тағы бір мәселе, Былқылдақ су қоймасынан Ертіс өзенінің сынаппен ластануы. Ластанудың негізгі көздерін оқшаулау арқылы тәуекелдерді азайту жоспарлануда. Әкімдік тиісті техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеп, нақты жұмыс жүргізілуде.

 

-Алдын алу бойынша бірқатар жұмыс жүргізілді. Жергілікті әкімдік тарапынан сүзілуге қарсы жамылғы жүйесін орнату жасалуда. Жұмыстарды 2023 жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар. Аумақты тарихи ластанған нысандар реестрі қатарына енгізу талқылануда,-деп мәлім етті Серікқали Брекешев.

 

Дей тұра, өңірдің экологиялық жаңғыруы да жоқ емес. Облыста 5 жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау шараларына 73 млрд теңге инвестиция салынды.

 

фото: www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo