• Басты бет
  • Экономика
  • Экологтар Павлодар облысының қалаларын пештен газға ауыстыру керек дейді

Экологтар Павлодар облысының қалаларын пештен газға ауыстыру керек дейді

 

Сарапшылардың айтуынша бұл елді мекендерде қоршаған ортаға келтірілетін жүктемені азайтудың ең дұрыс шешімі. Жылу жетіспеушілігі мәселесі де болмайтын еді дейді. Бүгінгі таңда орталық жылуға қосылуға техникалық рұқсат алу үлкен мәселе көрінеді дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Вера Давыдовна Павлодарда 60-жылдардың ортасынан бастап тұрады және өмір бойы пеш жағып келеді. Тіпті қазірдің өзінде үйге шелекпен көмір тасиды. Бұл қиын, әрі қауіпті дейді зейнеткер. Мұны құтқарушылар да растайды. Себебі қысты күні жеке секторда өрт көп, пешті дұрыс пайдаланатындар аз.

 

- Біз күніне екі рет ағаш пен көмір жағамыз. Егер газ болса қуанатын едік. Ағаш пен көмірден пеш тез ластанады. Өрт болмас үшін пештің құбырын жылына екі рет тазартамыз,-дейді Хабаровская көшесіндегі 17-үйдің тұрғыны Вера Грицфельд .

 

Павлодарда шамамен 17 мың жеке сектор бар. Олардың төрт жарым мыңы ғана орталық жылуға қосылған. Экологтардың айтуынша біздің шамамен тоғыз айға созылатын суық ауа райында пеш жағу қоршаған ортаған үлкен зиян келтіреді. Ал ол қалдықтар қалалықтардың денсаулығына да кері әсерін тигізеді.

 

- Бұл бақандай кешен. Көмірқышқыл газы барлығынан бұрын жүрек қан тамырлары жүйесіне, тыныс алу жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етеді.адамға иіс тиген кезде қандай күйде болатынын бәріміз білеміз. Бұл сол көмірқышқыл газы болып табылады,-деді «Эком» ҚБ төрағасы телефон арқылы Светлана Могилюк.

 

2024 жылы шенеуніктер ел президентінің тапсырмасынан кейін мәселені шешуге білек сыбана кіріскен еді. Қазір энергетика министрлігінде екі жолды қарастыруда: сұйық отынды Павлодар облысынан Қазақстаннын батысынан Астана арқылы жеткізу немесе Ресейден тасымалдау.

 

- Бірінші кезекте қалаларға газ тартамыз. Әрі қарай аудандар мен кенттер. Қандай ауылдық елдімекендерді газдандыру мүмкін немесе мүмкін еместігі алдағы бес жылда қарастырылады,-деді Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Мақсат Оралбеков.

 

Ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін инфрақұрылым қажет. Сол себепті жүзеге асыру мерзімі де ұзақ. Бұл жерде тек жеке сектор сөз болуда.