Екі ай жалдау ақысын алмаймын

Бүгінде сауда орны жабық тұр. Жалға алушылардың айтуынша нысан 2001 жылы ашылған. Содан бері тап жылдымай жұмыс істеп келгендер бар. Тауармен қоса, жабдықтардың да жарамай қалғандығын айтуда. Өрттің кесірінен 75 жалға алушы жапа шеккен. Бірінші қабатта азық-түлік саудалайтын 50 бутик болды. Қалалық әкімдік кәсіпкерлерге өзге 10 дүкеннен ақысыз орын ұсынған. Бүгін сауда үйі өкілі кездесу кезінде нысанның 3-4 аптаның ішінде реттелетінін мәлімдеді. Шапағат жұмысын қайта бастайды. Нысанның қалған қабаттары 2-3 аптадан кейін қосылады. Кеткісі келгендер жалдаманың бөлігін төлейді. Адамдар бұл жаңалықты ерекше қуанышпен қабылдады. Және олар шығындарын өтеп беруді сұраған еді сауда үйінің қожайыны екі ай жалдау құнын алмайтынын мәлімдеді. Жалға алушыларды бүлінген мүлікті кімнің қайта қалыпқа келтіретіні алаңдатты. Шығын көлемі миллионнан асады. Адамдарға жеңілдетілген несие ұсынылды. Пайыздық үстеме төмен болмақ.

 

- Мен сіздерді түсінемін. Дегенмен әр келеңсіз жәйттарға мемлекет жауап беруі керек пе? Олай жарамайды. Сіздерде келісімшарт бар. Ол жерде барлығы көрсетілуі тиіс. Бұл енді сіздердің  азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктеріңіз болып саналады. Мұндай мәселені бірлесіп шешулеріңіз керек, - деді Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманслям.

 

ЗШаһар басшысы өрттің неден орын алғаны әлі анықталмалды дейді. Алдын ала тергеу органдары жұмыс жасауда. Адамдар сараптамадан кейін сотқа жүгіне алады. Жалға алушылардың басым бөлігі сауда үйінің қайта қалпына келгенін күтетіндерін жеткізді.