• Басты бет
  • Экономика
  • Екі шаруа қожалығы азық түлік корпорациясына астықты тапсыруға үлгермеуде

Екі шаруа қожалығы азық түлік корпорациясына астықты тапсыруға үлгермеуде

-Екі шаруа қожалығы бұл Ертіс ауданында «Ертіс АГРО», Успен ауданында «Алдияр». Олар өз міндетін әлі орындамады. Біреуі элеваторға 480 тонна, екіншісі 187 тонна өткізіп отыр. Үлгермей жатыр. Биыл астық өнімділігі төмен, жаңбыр аз болды  деп ақталуда, десе де олар корпорацияға не болса да, астық тапсыруға міндетті. Оларда егістің күйіп кетуі деректері тіркелмеді -деді Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Есентай Мүрсәлімов.

 

Шаруа қожалықтары өз міндетін тез арада орындамаған жағдайда, бұл келісім бойынша айыппұлға әкелуі мүмкін. Ауыл шаруашылығы басқармасы мамандары, бұл жайт, қожалық иелерінің несиелік тарихына әсер ететіндігін алға тартты.