• Басты бет
  • Экономика
  • Екібастұз ЖЭО экология талаптарын орындамағаны үшін 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Екібастұз ЖЭО экология талаптарын орындамағаны үшін 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Экология департаменті жыл сайын кезектен тыс тексеріс жүргізеді. Бұл ретте бірнеше кәсіпорынға табиғатқа келтірген зардабы үшін айыппұл төлеу міндеттелген. Бұл ретте 84 өтініш қаралды, олардың 33-і жеке, 51-і заңды тұлғалардан түсті. Шағымдардың барлығы арнайы талаптар бойынша қаралған. 2023 жылдың есептік кезеңінде Департаменттің инспекциялық қызметі жоспардан тыс 10 тексеріс жүргізіп, 14 кәсіпорынға айыппұл артылған. Бұл мекемелер арасында Екібастұз қаласының ЖЭО да бар.

 

- Тексеру нәтижелері бойынша кәсіпорын жалпы сомасы 3 млн теңгеге 4 әкімшілік айыппұл бойынша жауапқа тартылды. Бұдан басқа, экологиялық талаптарға сәйкес ЖЭО қазандық агрегаттарының қызметін тоқтата тұру туралы сотқа арыз жіберілді,-деді Павлодар облысы экология департаменті басшысының м.а. Мағзұм кукумбаев.

 

Қазіргі таңда кәсіпорын тиісті шараларды қолға алды. Одан бөлек Павлодар қаласындағы медігерге 69 мың теңге айыппұл салған. Ол қыс мезгілінде көктайғаққа қарсы тұз қосылған қоспаны пайдаланғаны расталды. Айта кету керек аталмыш әдісті қала ішіндегі жолдарда пайдалануға тыйым салынған еді. Ал бұл заңсыздықты анықтауға тұрғындардың шағымы түрткі болған.