• Басты бет
  • Экономика
  • Екібастұз қаласында 1966 жылдан бері жөндеу көрмеген ғимарат қалпына келтірілді

Екібастұз қаласында 1966 жылдан бері жөндеу көрмеген ғимарат қалпына келтірілді

- Ғимараттың бірінші, екінші қабаттарына жеңіл-желпі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Есіктер мен шіріп тозығы жеткен едендер ауыстырылды. Кейбір жерлерге кафель төселді, кейбіреулерінде толығымен алынып тасталды.Бұдан бөлек жергілікті билік пен әкімшілік қосымша 1,7 миллион теңге бөлді. Ол қаражатқа  жаңа шкафтар алдық, - деді Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығының басшысы Шақар Каримова.

 

Қызмет алушыларға барлық жағдай жасалған. 4 мезгіл тамақтанумен қоса, жеке гигиеналық құралдар мен киім-кешектер таратылады. Бүгінде мекемеде 32 адамға қызмет көрсетілуде.

 

- Оның ішінде 12 қарт адам, оларды осы айда қарттар үйіне орналастырамыз. 7 зейнеткер, 5 адам мүгедек. Бізге олар өз өтініштері бойынша келеді және РОВД атынан ходатайство бойынша келеді. Олар 3 айдан 1 жылға дейін тұра алады. 3 айға дейін қарттар үйіне орналастыратын адамдарды аламыз, 1 жылға дейін қызыл құжаттары бар адамдарды, 1974 жылғы паспортпен, - деді  Екібастұз қаласының өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығы басшысының орынбасары Райхан Темірханова.

 

Орталық 7 бағытта, яғни психологиялық, құқықтық, медициналық, тұрмыстық, мәдени, әлеуметтік, еңбек жұмыс жасайды. Жалпы заңгер, психолог, медбике мен әлекметтік қызметкерлерді қосқанда жалпы 26 адам еңбек етуде. Қыс мезгілінде бұл жерге қоныстанатындар саны айтарлықтай көп болады.