• Басты бет
  • Экономика
  • Екібастұзда жаңа шығармашылық сарайы құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Екібастұзда жаңа шығармашылық сарайы құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

 

 

Кеншілер қаласында бой көтеретін жаңа шығармашылық сарайында 15 мыңнан астам бала түрлі үйірмеге қатыса алады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Облыс әкімі Асайын Байханов ғимараттың құрылыс жұмыстарымен танысып қайтты. Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы 1970 жылы салынған Екібастұздық «Шахтер» стадионына да барды. Соңғы жылдары жергілікті команда футбол сүйер қауымды жеңістерімен қуантып жүр. Осы орайда, алаңдағы трибуналарды жаңарту жоспарлануда. Спорт нысаны мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолжетімді болмақ.

 

Сонымен қатар Асайын Байханов «Жасыбай» спорт кешенінде қыздар футбол құрамасының ата-аналарымен кездесіп, олардың киім үлгісін жаңарту және жарыстарға жіберу мәселесін талқылады.

 

- Қолдау көрсетеміз толықтай. Демеушілік немесе бюджеттік қаражат есебінен, міндетті түрде, балаларға қолдау көрсету амалын пысықтаймыз. Балалар біздің болашағымыз,-деп мәлім етті облыс әкімі.

 

Бұдан бөлек, Екібастұзда 15 мыңнан астам балаға арналған жаңа шығармашылық сарайы бой көтермек. Қазір төрт қабатты ғимараттың екіншісі салынуда. Құрылыс нысанына барған аймақ басшысы жыл соңына дейін іске қосылу үшін жергілікті әкімдікке жұмыс барысын бақылауды тапсырды.