Екібастұзда жаңа әлеуметтік дүкен ашылды

-Қазіргі таңда індетке байланысты халық үшін қолжетімді баға қойдық, ас атасы нан дегендей ең бірінші нан пісіруден бастадық. Нан өнімдерін сатамыз - дейді кәсіпкер Гауһар Сұлтанғожина.


Кәсіпкер Атамекен палатасының «Бастау» және «Еңбек» бағдарламаларының оқу курстарынан өтіп, қайтарымсыз 3 миллион теңгелік грант алған. Сол қаражатқа әлеуметтік дүкен ашқан. Нәтижесінде 15 адамды жұмыспен қамтыды.