Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Елімізде киім-кешек бағасы көтерілген

Экономика

16
Қысқы уақытта балаларды сапалы әрі талғаммен киіндіру оңай шаруа емес. Көптеген кәсіпкерлер осындай қиын уақытта тығырықтан шығу үшін бағаны көтереді.

Сол себепті көпбалалы ана Александра да өзінің бес баласы үшін 2+1 секілді жеңілдіктер мен акцияларды пайдаланып қалуға тырысады. Айтуынша қысқа дайындыққа 100 мың теңгеден аса ақша кетеді. Бұл тарапта кейіпкеріміз көбіне тауардың сапалы болуына жіті назар аударады екен.

 

Әйелдер киімі 7, ерлердікі 7,6, ал балалардың керек-жарағы 7,9 процентке қымбаттаған. Танымал «Еnergyprom» экономикалық порталы осындай мәліметтерді келтірді. Бір қызығы еліміздегі нәрестелерге арналған барлық тоқыма өнімдері мен қажетті заттар шетелден. Ал онсыз да аз өз өндірісіміз пандемия кезінде бірталай қысқарып қалған.

 

Сонымен қатар статистика департаментінде Павлодар облысында халық саны қысқарғаны туралы хабарлады. 2019 жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін тек қала тұрғындары көбейген. Аймақта 751 212 адам тіркелсе, қалалардағы адам саны - 530 273. 

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()