Елімізде киім-кешек бағасы көтерілген

Сол себепті көпбалалы ана Александра да өзінің бес баласы үшін 2+1 секілді жеңілдіктер мен акцияларды пайдаланып қалуға тырысады. Айтуынша қысқа дайындыққа 100 мың теңгеден аса ақша кетеді. Бұл тарапта кейіпкеріміз көбіне тауардың сапалы болуына жіті назар аударады екен.

 

Әйелдер киімі 7, ерлердікі 7,6, ал балалардың керек-жарағы 7,9 процентке қымбаттаған. Танымал «Еnergyprom» экономикалық порталы осындай мәліметтерді келтірді. Бір қызығы еліміздегі нәрестелерге арналған барлық тоқыма өнімдері мен қажетті заттар шетелден. Ал онсыз да аз өз өндірісіміз пандемия кезінде бірталай қысқарып қалған.

 

Сонымен қатар статистика департаментінде Павлодар облысында халық саны қысқарғаны туралы хабарлады. 2019 жылдың қазан айынан бастап бүгінге дейін тек қала тұрғындары көбейген. Аймақта 751 212 адам тіркелсе, қалалардағы адам саны - 530 273.