Енді ескірген банкноттарды кез келген уақытта ауыстыруға болады

Тұрғындардың жүйелі түрде жасайтын өтініштері негізінде, Ұлттық Банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін мерзімсіз қабылдау енгізу шешімін қабылдады. Айту керек, биыл 2006 жылғы 1 мың, 2 мың, 5 мың және 10 мың теңгеліктер айналымнын шығарылған еді. Ескі банкноттар бір жыл бойы қолданыста жүреді.

 

- Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық Банк филиалдарынан да, екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпошта» АҚ филилдарында айырбастауға болады. Егер белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде айырбастай алмай қалса, Ұлттық Банк филиалдары оларды мерзім бойынша шектеусіз қабылдайды, - деді «ҚР Ұлттық Банкі» РММ облыстық филиалы бөлім басшысының орынбасары Светлана Жүсіпова.

 

Халықаралық тәжірибеде бар өзгеріс маусымның 14-нен енгізіледі. 2006 жылғы үлгідегі банкноттарды айырбастау бойынша Ак.Сәтбаев, 44 мекенжайында орналасқан өңірлік филиалға жүгіне аласыздар. Байланыс телефондары 70-44-27 және 70-44-26.