• Басты бет
  • Экономика
  • Енді спортпен шұғылданғысы келетін балалар жекеменшік клубтарда да тегін жаттыға алады

Енді спортпен шұғылданғысы келетін балалар жекеменшік клубтарда да тегін жаттыға алады

- Жалпы 218 миллион теңге қарастырылып отыр. Бұл ретте, спорт мектептеріне бармайтын, 2000 баланы аталмыш үйірмелерге тарту көзделуде. Келер жылы 5000 балаға дейін жеткізу жоспарда бар. Бастама арқасында қызмет көрсетушілер арасында жақсы бәсеке болады. Бұл спорт үйірмелерінің сапасына тек жағымды әсер етеді деген ойдамыз, - дейді Павлодар облысы туризм және спортты дамыту басқармасы басшысының м.а.Даур Ерғабулов.

 

 

Осылайша, өз қызметін ақылы түрде ұсынатын спорт клубтары мемлекеттік тапсырысқа ие болып, үйірмелер 4-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге тегін өтеді. Ата-аналар өз балаларына тегін секцияларды artsport.edu.kz сайтынан таңдап, жазыла алады. Бұл ретте, жасөспірімдерге бірнеше үйірмеге баруға рұқсат беріледі.