• Басты бет
  • Экономика
  • ERG "ЕЭК" АҚ қытайлық компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ERG "ЕЭК" АҚ қытайлық компаниямен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

 

Жоба «ЕЭК» АҚ-ы Ақсу электр станциясындағы зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Мәжіліс депутаттары бастаған делегация бұған дейін ERG тобына жататын кәсіпорындарды аралаған болатын. Көшпелі жиын соңында экологияға қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Топпен Қытайдың жетекші экотехнология өндірушісі «Fujian Longking» компаниясы арасында құны 13 млрд теңгеге бағаланған меморандумға қол қою – іс-шараның маңызды бөлігі деуге болады. Жоба «ЕЭК» АҚ-ы Ақсу электр станциясындағы зиянды қалдықтарды азайтуға бағытталған.

 

- Осы мемарандум аясында 3 фильтр орнатпақшымыз. Біреуі 4-ші энергоблокта, Ақсу ГРЭС-де, екеуі жаңадан қайта жөндеуден өтіп жатқан 7-ші энергоблокка қойылады. "Fujian Longking" компаниясы 600-ден аса фильтрді Қытайда орнатқан. Сол біз бұған сенім артып отырмыз,-дейді «Еуразиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның бас директоры Дүйсен Мерғалиев.

 

Қазір Қазақстанда ауаның 1 текше метріне рұқсат етілген зиянды зат мөлшері 100 миллиграммға дейін. Бірақ, ERG орнататын сүзгілер бұл көрсеткішті 20 миллиграммға дейін төмендетеді. Яғни, еуропалық стандартқа сәйкестендіріледі.

 

-Гибридті сүзгілер — бұл заманауи әрі жетілдірілген технология. Олар электрофильтр мен жеңді сүзгінің артықшылықтарын біріктіреді. Бірінші аймақта шаңның 80% -ын ұстайды,-дейді Fujian Longking Co., Ltd. (Қытай) компаниясының бас директоры Хуан Вэй.

 

Бір сүзгі жылына 6 мың тоннаға дейін зиянды қалдықтарды азайтуға қауқарлы. Оларды орнату жұмыстары 2026 жылы басталып, 2028 жылға дейін жалғаспақ. Айта кетейік, жобаның ашықтығы мен тиімділігін тексеру үшін SGS халықаралық аудит компаниясы тартылмақ. Келісім Павлодар алюминий зауыты мен Қазақстан электролиз зауытында тексерулерді қамтиды. Мақсат – кәсіпорындардың өндірістік қызметінің ЕуроПарламент пен ЕуроОдақ Кеңесі экологиялық стандарттарына сәйкестігін тәуелсіз кешенді бағалау.