ERG Павлодарлық кәсіпорындарында туристік бағыт ашылды

ERG кәсіпорны өнеркәсіптік туризмді 2022 жылы жүзеге асырған еді. Ол кезде Ақтөбе ферроқорытпа зауыты бірінші болып келушілерді қабылдады. Енді жаңа бағыттар қамтылауда. Павлодар өңіріндегі алғашқы туристтік топқа алюминийдің қалай шығарылатыны егжей-тегжейлі баяндалды. Ең әуелі алып техникалардың көмегімен шикізатты өңдеу үрідсі көрсетілді.

 

- Халықтың басым бөлігі біздің атқаратын жұмыстарымыздан бейхабар. Осы мақсатта турмаршрутты жасауды қолға алып бүгінде жүзеге асырып отырмыз. Біз шикізатты өңдеуден бастап соңғы кезеңге дейінгі аралықты толық көрсетеміз. Менің ойымша қызығушылық танытатындардың саны өте көп болады,-деді ПАЗ директоры Айтуған Ахметов.

 

Бұл ретте, гидрометаллургиялық цехтағы пеш көмегімен алюминий оксиді алынады. Қажетті өнім дайын болғаннан кейін электролиз зауытына жөнелтіледі. Ал бұл қанатты металлдың нақ өзі. Айта кету керек, кәсіпорындар жылына 1,4 миллион тонна глинозем мен 250 мың тонна бастапқы алюминий шығарады.

 

- Туристтер өз көзімен қанатты металлды, алюминийді көре алады және де таныса алады, мына технологиялық процесспен. Және де жұмыс істеп жатқан кісілермен, металлургтермен сөйлеседі, қандай жұмыс екенін, өз көзімен көріп, мына Қазақстан елімізде осындай алюминий шығарып жатқанның дәрежесін етіп көре алады,-деп жеткізді «ҚЭЗ» АҚ алюминий электролизі цехының учаске бастығы Ренат Қапанов.

 

Турмаршрут кез келген жан үшін қолжетімді. Тек алдын ала өтініш берілуі қажет. Және бұл тегін. Тур аңыздарды жоққа шығарып, ауыр өнеркәсіптің тыныс-тірлішігін тануға, отандық алюминийдің қалай өндірілетінін өз көзімен көруге мүмкіндік береді. Осылайша ERG кәсіпорындары халықпен тығыз қарым-қатынаста және ашық болуға барынша жағдай жасауда.