Еуразиаттық энергетикалық корпорациясы Ертіс өзеніне балық жіберу экоакциясын өткізді
Кәсіпорын табиғатты қорғау шарасын жыл сайынғы дәстүрге айналдырып, биыл жеті мыңға жуық тұқы балығының шабақтарын жіберді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
«Еурозиаттық энергетикалық корпорациясы» үшін Ақсу қаласындағы бұл дәстүрлі шара көптеген экологиялық акцияларының бірі. Кәсіпорын 2011 жылдан бастап өзенге балықтарды жіберуді қолға алған, көп жылдық тәжірибеге сәйкес мамандар барлығын жіті бақылауда ұстады. Шабақтар саны көбейіп, алдағы жылдары қоршаған ортаға пайдасы орасан зор болады.
- Бұл балықтар Қарағандыда мамандандырылған шаруашылық ұйымында өсіріліп, арнайы көлікпен әкелінген. Машинада шабақтардың оттегімен қамтылуы, қажетті температуралық режим, жеткізілу аумағына дейін барлығы ескеріледі,-деді Зайсан - Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Василий Павлов.
Шамамен 7 мыңға жуық тұқы шабағы барлық ережелерді сақтай отырып соңғы балыққа дейін шығарылды. Суда шабақтар тез бейімделіп, Ертіс өзенінің фаунасын толықтырды. Мамандардың айтуынша, тұқы балығы бұл аймаққа өте жақсы үйренген және қазіргі ауа райы да қолайлы.
- Біздің дәстүрлі экологиялық акцияны 2011 жылдан бері қолға алуы уақытынан бері Ертіске 300 мыңнан аса балық шығарылды. Биыл 6718 тұқы шабағы барлық ережелерді сақтай отырып соңғы балыққа дейін шығарылды. Әрбіреуінің салмағы шамамен 20 граммды құрайды, олардың өзен суына бейімделу көрсеткіші жоғары,-деді «ЕЭК» АҚ өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару бойынша сарапшысы Анастасия Казбекова.
Былтыр Еурозиаттық энергетикалық корпорациясы Ертіс өзеніне 9 мың тұқы шабағын жіберген еді. Кәсіпорын үшін табиғатты қорғауға бағытталған бастамаларға әрдайым басымдылық беріледі және осындай экологиялық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
