Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Картоп неге қымбат?

Экономика

10
Соңғы аптада Павлодарда картоптың бағасы 190 теңгеге жетті. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тұрғындардың наразылығын тудырды. 90 теңгеден сатылып жатқан көкөніс құнының күрт өсуін жауапты мекемеде түсіндірді.

Өткен жылдың соңында тікелей тауар өндірушілермен облыс әкімдігі арасында меморандум жасалған еді. Нәтижесінде ірі сауда желілері мен дүкендерге көкөністердің бағасы 90 теңгеден аспай жеткізілді. Алайда қуаныш ұзаққа созылмады. Соңғы аптада қала тұрғындары әлеуметтік желіде 190 теңгелік картопты талқыға сала бастады. Бұның да себебі бар болып шықты.

 

- Шаруа иелері өз тауарларының бағасын өсірді. Яғни жаппай сатылымға ол 120 теңгеден жетсе, көтерме саудагерлер 150-190 теңге көлемінде сатылымға қояды. Ауа райының күрт суытуы да жеткізілімді қиындатты. Қыс мезгілін де ескеру қажет, - деді Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының орынбасары Медет Шоқанов.

 

Бүгінде келісімшарт аясында облыстың 35 дүкеніне картоп төмен бағамен жеткізілуде. Онда құны -  90-105 теңгеден аспайды. Олардың өзгермеуін қадағалау мақсатында өңірлік тұрақтандыру қоры толықтырылып отырады дейді басқармада.

 

Сонымен қатар тұрақтандыру қорына өңірлік құс фабрикасынан 2 миллион дана жұмыртқа сатып алынды. Қазіргі уақытта бағасын белгілеу жұмыстары жалғасуда. Алдын ала болжам бойынша құны 330 теңгеден аспайды. Бүгінде ол 350-ден жоғары.

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()