Kaspi Жұма 20, 21 және 22 маусым күндері өтеді
Бұл мерекені тек сатып алушылар ғана емес, отандық шағын және орта бизнес те асыға күтеді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Әр Kaspi Жұма сайын қазақстандықтар 1 миллионнан астам зат сатып алады. Ал шағын және орта бизнес сатылымдарын бірнеше есе арттырады. Kaspi Жұмаға жүздеген мың қазақстандық кәсіпкер тұрақты түрде қатысады және бұл сан үнемі өсіп келеді. Абай тігін фабрикасы Kaspi Жұмаға алғаш рет қатысқалы отыр. Олар бұл оқиғаға ұзақ дайындалып, тауар түрлері мен өндіріс көлемін арттырды.
-Kaspi Жұма мейрамына алғаш рет қатысып отырмыз. Біз 100 пайыз өзіміздің өндіріс болғаннан кейін 100 пайыз дайындалып алып, содан кейін Kaspi Жұмаға қадам бастық. Мұнда төсек-орындары тігіледі. Киім-кешек, жұмыс киімдері, спорттық киімдер, күрткелер, шопперлар, рюкзактар тігіледі,-деді Ерқара Қоянбаев, Abai тігін фабрикасының қызметкері.
Абай тігін фабрикасы бірнеше жылдың ішінде ескі, қараусыз қалған цехтардан табысты кәсіпорынға айналды. Бүгінде мұнда 100-ден астам адам жұмыс істейді. Барлығы Kaspi Жұмада сатылымның өсуін күтуде.
-Бұл фабрика 98-ден бастап жабылып жатқан. Ішінде жөндеу жұмыстарын жасап, 2021-де осы фабриканы жұмысқа қостық. Бүгінгі таңда 100 адам жұмыс істейді фабрикада. 100 адамды қамту үшін бізге үнемі сатылым керек. Kaspi Жұма мейрамынан әрине біз сатылым күтеміз,-деді Ерқара Қоянбаев, Abai тігін фабрикасының қызметкері.
Kaspi серіктестері тек өндірушілер мен дүкендер ғана емес. Сондай-ақ, жеткізу қызметін атқаратын курьерлік компаниялар да бар. Олар сатып алған затты жеткізеді. Бұл жұмыстарға 5000-нан астам қызметкері бар ондаған логистикалық компания жұмылдырылған. Олардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – Заммлер компаниясы
-Қазіргі таңда Zammler компаниясы Қазақстан бойынша 8 ірі қалаларда жұмыс атқарып жатыр. Ең басынан алып келетін болсақ кішігірім қоймадан бастаған болатынбыз. Ол кезде 10-15 адам ғана жұмыс істейтін болатын сұрыптаушы болып. Қазіргі таңда 200-2500 адам жұмыс істейді. Қазір барлық жүйе автоматтандырылған. Жыл өткен сайын компаниямыз өте қарқынды дамып, ұлғайып келе жатыр. Қазіргі таңда көптеген қоймаларымыз бар, бүкіл Қазақстан бойынша. Біз тек қана Kaspi.kz-пен ғана жұмыс істейміз. Осы тауарлардың саны ұлғаюы ол Kaspi-дің арқасында. Kaspi Жұма үлкен мереке, барша қазақстандықтарға. Әрине, біз үшін Kaspi Жұма өте маңызды. Себебі Kaspi Жұма уақытында біздің тауар санымыз күрт өседі. Біздің ең басты мақсатымыз - Kaspi Жұма кезінде клиенттерімізге тауарларын оңтайлы және жылдам жеткізуді қалаймыз ,- деді ҚазыбекСатыбай, Zammler қызметкері.
Сатып алушыларды қуанту үшін Kaspi мен серіктестері үнемі жаңалық ойлап табуда. Бұл жолы да – кәдімгі тиімді шарттардан бөлек, сатып алушыларды 70%-ға дейін жеңілдіктер мен серіктес-дүкендерден көтеріңкі бонустар күтуде. Экономикасы дамыған көптеген елдерде дәл осындай ауқымды сауда мерекелері бар. Тұтынушылар тиімді зат сатып алғанға қуанады. Ал кәсіпкерлер үшін бұл – даму мүмкіндігі, жаңа жұмыс орындарын ашып, ел экономикасына өз үлесін қосады.