Kaspi Жұма бүкілхалықтық тиімді зат сатып алу мерекесі қалай өтті?

Kaspi сүйікті клиенттерін таң қалдыруын тоқтатпайды. Әрбір Kaspi Жұма жаңа мүмкіндіктермен қуантады. Бұл жолы – серіктестерден 70%-ға дейін жеңілдіктер мен ұлғайтылған бонустар ұсынылды. Сондай-ақ, алғаш рет Қазақстандағы демалыс орындарына жолдамаларды тиімді сатып алу мүмкіндігі пайда болды.

 

-Бұл ауылдың жұмыс істеп жатқанына 15 жыл болды. Біздің қонақүйлеріміз бар. Қонақүйлерге келіп, таудың бөктерінде таза ауа жұтып, сенбілік, жексенбілік күндеріңізді, демалыстарыңызды жақсы өткізулеріңізге болады. Kaspi Жұма Қазақстанның туризміне өте үлкен мүмкіншіліктер береді. Себепкер болып жатыр. Қосылғаннан бері сатылымдар күнделікті болып жатыр. Әр жексенбі, сенбі сайын, аптаның әр күнінде қонақтарымыз көбейіп жатыр. Мен үлкен ризашылығымды білдірем,-Айгерім Молдаханова, «Ғұндар» этноауылының менеджері.

 

Әр Kaspi Жұма сайын отандық өндірушілердің қатары да артып келеді.

 

- «Rooms mebel» компаниясы нарықта 2011 жылдан бері келе жатырмыз. 6 қалада бармыз. Одан бөлек онлайн сауда бізде, әрине KaspiМагазинде де бармыз

Сол басынан қалай басталды KaspiЖұма, содан бері әрине қатысамыз.

Өйткені ол үлкен мүмкіндік. Біз үшін де және сатып алушы үші клиентке де үлкен-үлкен мүмкіндік. Мейрам деп айтуға болады ғой. Көп күтеміз,-деді Айдана Рақым, «Rooms mebel» сату жөніндегі директоры.

 

Осы үш күнде ірі сауда орталықтарында сатып алушылар көбейді.

 

-Kaspi Жұманың болатынына қарай біз өкбірек дайындала бастадық. Себебі Kaspi Жұма білуімізше сатылымның көбірек болуы, 2 есе, 3 есе артылып сатылымдардың көбірек болуына байланысты дайындаласың 90 млн көлемінде сатылым болды. Бұл 2 есе көбірек басқа сатылымдардан қарағанда. Әсіресе қарапайым қатылымға қарағанда интернет дүкенде көбірек болды осы тапсырыстар,-деді Дастан Әлімханов, Технодом дүкенінің қызметкері.

 

Әрбір сатып алушыны қуанту мақсатымен елдің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеді.

 

-Біз жөндеу бастап едік. Осы Kaspi Жұманы күттік. Осы ас үй жиһазын алайық деп санадық екеуміз. Әйеліміз екеуміз. Сондықтан осы Kaspi Жұма бізге тиімді. Өйткені біз 24 айға бөлеміз. Сол бізге төлем, төлемі өте ыңғайлы болып тұр. Сондықтан осы Kaspi Жұма арқылы ас үй жиһазын алайын деп жатырмыз,-деді Бауыржан Кораласов Лемана Про дүкенінен сатып алушы.

 

Қазақстандықтардың көпшілігі Kaspi Постоматқа жеткізуге тапсырыс береді. Постоматтар бүкіл ел аумағында, тіпті шағын елдімекендерде де орнатылған. Әрбір Kaspi Жұмада 1 миллионнан астам тапсырыс орындалады. Сондықтан логистикалық компаниялар жаңа қоймалар салып, заманауи автоматты жүйелер енгізіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда. Kaspi Жұма – біздің отандық ерекше құбылысқа айналды. Ол адамдарға тиімді сауда жасауға, ал бизнеске өсуге және дамуға көмектесетін ерекше мейрам.