Kaspi Жұма үш күнге 8, 9 және 10 қарашаға дейін созылады
Бұл оқиғаны сатып алушылар ғана емес, сатушылар да асыға күтуде. Үлкен сатылымға дайындық сақадай сай деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Kaspi Жұмаға қатысатын қазақстандық өндірушілердің саны жыл сайын артып келеді.
-Kaspi Жұма басталған кезінде бізде көптеген өтінім саны көбейеді. Жалпы күндері 40-50 өтінім түседі. Kaspi Жұма басталған кезде 70 өнімге, күніне 70 өнімге дейін өсе береді. Сондықтан шағын орта бизнеске көптеген пайдасы тиеді. Біз жергілікті өндірістік компания болғасын, бізге ұлғаюға, кеңеюге, үлкен мүмкіншілік береді. Сондықтан біз әрқашан Kaspi Жұмаға дайынбыз және ашықпыз,-деді Әділбек Болат, Kepler компаниясы сату бөлімінің қызметкері.
-Осы өндірісте 3-4 жылдай болып қалды. Аяқ киім өндірудеміз. Kaspi Жұмаға қатысқанымызға екінші жыл болды. Бүкіл облыстардан түседі. Батыс Қазақстаннан шығысқа дейін. Оңтүстіктен солтүстікке дейін. Бүкіл жерден алады. Өте көп пайдасын тигізіп жатыр кәсіпкерлерге,-Кеңес Асалбеков, Қарағандылық аяқ киім мануфактурасының қызметкері.
Kaspi Жұма кезінде тауарларға ғана емес, қазақстандық компаниялардың қызметтеріне де сұраныс артады. Мысалы, бағдарламалау бойынша білім беру курсын тиімді алуға болады.
-Біз нарықта 2013 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. Біз ІТ курстарын сатамыз, яғни. Біз осы курстар арқылы адамдарға ІТ мамандықтарды үйретеміз. Біз тұрақты түрде Kaspi Жұмаға 2022 жылдан бері қатысып келе жатырмыз. Ол Kaspi Жұманың біздің компанияға берер пайдасы өте көп. Kaspi Жұма болған айларда біздің сату көлемі ұлғаяды. Себебі адамдарға, клиенттерге ыңғайлы төлеу болып табылады. Сол арқылы Клиенттерге де ыңғайлы, біздің де бизнесіміз дамиды,-деді Алматылық nFactorial мектебінің қызметкері Сағыныш Жукина.
Электронды саудамен қатар жеткізу қызметтері де дамуда.
-Kaspi Жұма біз үшін ерекше күндердің бірі. Тапсырыстардың саны 2 есе көбейіп, жоспар бойынша алдын ала дайындалып, қызметкерлердің, көліктердің санын көбейтіп, қосымша, қойма, бөлмелерді дайындап, жылдам жұмыс жасауға барымызды саламыз,- деді Арлан Жаксылық, Sun logistics жеткізу қызметінің басшысы.
Бұл мүмкіндіктердің барлығы – Kaspi.kz-тің үлкен еңбегі мен инвестициясының нәтижесі. Жақында Михаил Ломтадзе форумда осы туралы айтып өтті.
-Мынадай мүмкіндіктер мен технологияларды жасамасақ, жағдай қалай боларын елестетіп көріңіз. Бұл – үлкен инвестиция. Қызметтерді әзірлеу, дизайн және қолдауға біз жыл сайын шамамен 200 млн АҚШ долларын жұмсаймыз. Біз бұл қызметтерді серіктестерімізге ұсынамыз. Біздің маркетплейс болмаса, тек шетелдік платформалар мен сатушылар басымдық алып, ал қазақстандық шағын және орта бизнес олармен бәсекелесе алмас еді,- Михаил Ломтадзе
Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі.
Kaspi –дің барлық қызметтерін де біздің, қазақстандық команда жасаған.
-Біз жасаған технологиялар, өнімдер мен қызметтер – барлығы Қазақстанда, қазақстандық команда, Kaspi-де істейтін адамдар жасаған. Біз осында 24 сағат бойы отырып, осындай керемет қызметтерді жасау үшін жұмыс істейміз,-деді Михаил Ломтадзе.
Kaspi.kz тәжірибесін бірнеше жылдан бері Гарвардта зерттеп келеді. Бұл – инновациялардың адамдарға, бизнеске және ел экономикасына пайда әкелетінінің нағыз үлгісі.