• Басты бет
  • Экономика
  • Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарының бір бөлігі тұрғын үй көмегі есебінен өтеледі

Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шығындарының бір бөлігі тұрғын үй көмегі есебінен өтеледі

 Алайда мұндай көмекті барлық азамат ала бермейді. Оның мөлшері отбасының табысы мен коммуналдық төлемдер сомасына байланысты деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Коммуналдық төлемдер өсіп, отбасылық бюджетке салмақ түсіруде. Мұндай жағдайда павлодарлықтар тұрғын үй көмегін ала алады. Ол әр үш ай сайын тағайындалады. Бұл ретте өткен тоқсандағы отбасының табысы мен шығыстары ескеріледі. Көмекке бір пәтердің немесе үйдің иелері, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана жалдап тұратын азаматтар үміткер бола алады. Қолдауға көбіне жалғыз тұратын зейнеткерлер мен I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар жүгінеді.

 

-Аз қамтылған отбасылар тұрғын үй көмегіне құжаттар тапсыру үшін ХҚКО жүгініп, тұрғын үй көмегіне құжаттарын тапсыра алады, өткен тоқсан табыстар мен шығындарын көрсетіп, тұрғын үй көмегіне құжаттарын өткізе алады,-дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айнүр Мукашпекова.

 

Отбасы коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығыны жалпы табысының 5 пайызынан асқан жағдайда тұрғын үй көмегін ала алады. Бұл ретте бюджеттен төлемнің толық сомасы емес, нақты шығын мен белгіленген шек арасындағы айырмашылық қан а өтеледі. Көмек мөлшері әр отбасыға жеке есептеледі.

 

-Тұрғын үй көмегіне көбінесе зейнеткерлер құжат тапсырады. Зейнеткерлер құжаттарын тапсырған кезде табыстары мен шығындарына байланысты болды. Егер отбасының табысы 200 мың болса немесе 90 мың болса әр отбасы мүшесінің табысы жеке жеке есептеледі.есептеу кезінде отасының аз қамтылған отбасыға жататыны немесе жатпайтыны анықталатын болады,-дейді Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айнүр Мукашпекова.

 

Қазіргі уақытта шілде, тамыз және қыркүйек айлары үшін тұрғын үй көмегін алуға өтінімдер қабылданып жатыр. Үшінші тоқсандағы шығындарды растау үшін құжаттарға жылу, су, электр энергиясы және басқа да коммуналдық қызметтер бойынша түбіртектерді қоса ұсыну қажет.

 

 

Фото: magnific.com