Күзгі Kaspi Жұма мерекесі өтті
Қазақстандықтар қысқа қалай дайындалуды біледі. Жылы киім мен аяқ киім, қысқы дөңгелектер, жылыту құралдары мен басқа да қажетті заттарды күзгі Kaspi Жұма кезінде сатып алған тиімді. Биыл бүкілхалықтық тиімді сауда мерекесі жоғары деңгейде өтті деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.
Алушылар – затты тиімді сатып алады. Сатушылардың – сауда көлемі өседі. Бұл мерекеге қазақстандық өндірушілер де қатты қуанды.
-Біріншіден өзім кәсіпкер болғандықтан Kaspi Жұманы қатты жақсы көремін. Себебі бұл күндері шынымен мерейтой сияқты. Саудамыз жақсы өседі. Және адамдар, сатып алушылар үшін үлкен мүмкіндік. Kaspi Жұмамен Kaspi Дүкеннің экономикаға деген ең үлкен пайдасы ол – ол әрине бүкіл қаражат, Қазақстанда қалатын және Қазақстандық адамдар қаражатты алмастырып экономикаға салады,- деді Әлішер Бақыт, қазақстандық Moonshuaq брендінің негізін қалаушы
Туристік агенттіктер де сатылым көлемінің өскенін айтады. Себебі көптеген қазақстандықтар Kaspi Жұманың көмегі арқылы саяхаттайды.
-Біз Kaspi Жұма арқылы үшінші жыл болды жұмыс жасап жатқанымызға. Ай сайын біз 380 мыңнан жоғары турист жібереміз деп айтуға болады. Көбінесе біздің туристер Kaspi арқылы алғанды жақсы көреді. Өйткені өте ыңғайлы. Негізі біздің туристер Kaspi Жұманы өте қатты жақсы көргендіктен өздері күтеді. Өздері қарап жүреді қашан Kaspi Жұма деп. Негізі екі есе өседі деп айтуға болады,-деді Мадина Ахиятова, Time Fly travel агенттігінің менеджері.
Ірі дүкендер тапсырыстарды жіберуге әрең үлгеріп жатты. Күзгі Kaspi Жұмада ең көп сұранысқа ие тауарлардың бірі – қысқы дөңгелектер.
-Жыл сайын бұл мерекені асыға күтеміз. Kaspi Жұма кезінде тапсырыс көлемі 10 еседен де асып кетеді. Маған Kaspi Жұмада бүкіл Қазақстан бойынша жеткізілетіні ұнайды. Тіпті кішігірім ауылдардың тұрғындары да қалаған тауарын ала-алады,-деді Ирина Богдан, Шинмарт-kz дөңгелек орталығының коммерциялық директоры.
Kaspi Жұма кезінде бүкіл ел аумағындағы сатып алушылар тапсырыстарын уақытында алуы үшін жеткізу қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді.
-Қазіргі таңда Kaspi Жұма біз таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істеп жатырмыз. Біз бұл уақыт аралығында күндігіне 5 мыңнан аса тауарларды өңдеп жіберіп жатырмыз,-деді Батыржан Стамжан, Zammler қабылдаушысы.
-Бізде әдеттегі күндегіден 2 есе ұлғайды. Жәй күндері мысалға 10-15 заказымызды күнделікті жеткізетінбіз. Kaspi Жұма кезінде 20-25 сондай заказдар шыға бастады күнделікті, көбейе бастады. Жұмысқа әрине бізге заказ көп болғаны өте ыңғайлы ғой. Көп жұмыс істесек көбірек ақша табамыз,-деді Арслан Чотабаев, Aquila logistics курьері.
Бұл ауқымды жұмыстың бәрі – сүйікті сатып алушыларға арналған. Адамдар тиімді сауданы жайлы әрі рахаттанып жасай алуы үшін
- Бүгін біз жуғыш машина алайын деп жатырмыз және тоңазатқыш. Соларды таңдап, қарап жатырмыз. Kaspi Жұма арқылы алу ыңғайлы және өте тиімді болып жатыр,- деді Нур Манасов, Сулпак дүкенінен сатып алушы.
-Маған ұнайды Kaspi Жұма. Өйткені керек заттарымызды алып жатырмыз. Біз анау үй салып жатырмыз. Сондықтан көп затты Kaspi-мен аламыз. Ал енді Kaspi Жұма өте тиімді,- деді Лаура Болатова, Keruen City дүкенінен сатып алушы, Астана.
Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі қазақстандық сауданың нағыз құбылысына айналды. Kaspi Жұма адамдардың өмірі жайлы болуына, ал бизнеске дамып, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі.