Кәсіпкерлерге өндірістік ғимараттар тегін беріледі

Оған 12 жеке кәсіпкер іріктеліп алынды. Анар Темірова - 4 баланың анасы. Кәсібін бастағанына аз уақыт болса да, сұраныс күн санап артуда. Ол полеэфир жібінен түрлі бұйымдар тоқиды.

 

- Маған алдымен 500 мың теңге көлемінде тегін грант берілді. Кейін «Еңбек» бағдарламасы арқылы 4,5 миллион несие алдым. Жылдық өсімі - 4%. Оған жіп иіретін станок сатып алдым. Қазір жұмысым жақсы жүріп жатыр, - дейді жеке кәсіпкер Анар Темірова.

 

Ал Абдуллин Дархан – қайырымды кәсіпкер. Ол денсаулығында кінәраты бар балаларды оқытатын орталық ашуға ниеттеніп конкурсқа өтініш білдірген. Себебі өзі сондай перзент тәрбиелеп отыр. Мемлекет қолдау білдіріп 4 миллион қайтарымсыз грант бөлді.

 

- Сол ақшаға орталық аштық кішігірім. Бұл жерде бізге бөлме беріп, станоктарымызды қойып, дидактикалық ойыншықтарды жасап жатырмыз. Жоспарымыз, бәрі жақсы болса, цех өсіп жатса, балаларға жұмыс орындарын дайындап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмектесу мәселесін қозғаймыз, - деді Дархан.

 

- Бұл - Бизнес-инкубатор. Кәсіпкерлердің аяққа тұруына жағдай жасайтын орын. Оларға өндірістік ғимараттар тегін беріледі. Кәсіпкерлер тек 2 жаңа жұмыс орнын құрып, салықтық органдарда тіркелуі қажет, - деді Павлодар қаласы кәсіпкерлікті дамыту секторының меңгерушісі Батыр Муталапов.

 

Биыл  аталмыш өндірістік орындардың саны артады дейді басқармада. Себебі кәсіпкерлердің ғимаратты жалға алуға қатысты қиындықтарға тап болуы жиі кездеседі.  Ал «Іскер» шағын индустриялық аймағынан салықтық түсімдер 2 миллион теңгені құрайды деген болжам бар.